Саясат

Назарбаев: Зеленский Путинмен кездесуге дайын

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Ресей президенті Владимир ПУТИН мен Украина басшысы Володимир ЗЕЛЕНСКИЙДІ кездестіруге ниетті.

Назарбаев: Зеленский Путинмен кездесуге дайын

Бұл жөнінде tengrinews.kz басылымы хабарлады.

Тұңғыш президентНұрсұлтан Назарбаев «Astana Club» отырысында Украина мәселесінде Қазақстанды тәуелсізкеліссөздер алаңы ретінде ұсынды.

«Болған іс болды.Сыртқы және ішкі күштер араласты. Мен алғашқы күннен бастап оларды табыстыруғаұмытылудамын. Мен Зеленский мырзамен кездесіп, тыңдадым. Күні кеше ВладимирПутинмен осы мәселені шешу жөнінде сөйлестім. Олар Украинаның батысына,Америкаға, Еуроодаққа, Норманд төрттігіне жүгінеді. Менің ойымша, Ресей менУкраина президенттерінің жеке кездесуі қажет. Себебі бұл мәселені барлығы емес,екі мемлекет шешеді», — деді Назарбаев.

Оның пікірінше, Путинмен Зеленский бірінші кезекте Шығыс Украина мәселесін шешуге ерік-жігер танытуытиіс. Қазіргі уақытта Зеленский бетпе бет кездесуге дайын екендігін жеткізген.

«Путин бұнықаламайды деп ойламаңыздар. Ол бейбітшілік орнағанын қалайды. Біз де Ресейгебұл территориялардың емес, басқа дүниелердің қажет екендігін жақсы білеміз. Ресейкүштік құрылымдары ол жерге басқа себептермен барды. Мен Володимир Зеленскийдіңтет-а-тет кездесуге келісімін алдым. Бұл жөнінде Ресей президентіне айттым. Ендікөрейік, қажет болса, мен Қазақстанды келіссөздер аймағы ретінде ұсындым», — деді Назарбаев.

Фото: cont.ws

 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз