Назарбаевтың кезекті атағы
Бүгін Сенатта Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА «ҚұрметтіСенатор» төсбелгісі мен куәлігі табысталды.
Бұл туралы «Жас АЛАШ»хабарлайды.
«Бүгін Сенат тарихындаерекше күн болып отыр. Өткен аптадағы палата отырысында Нұрсұлтан ӘбішұлыНазарбаевқа «Құрметті Сенатор» мәртебесін беру туралы Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ бастамасын сенаторлар бірауыздан қолдап, тарихи шешімқабылдады. Сенат бюросы қабылдаған «Құрметті Сенатор» мәртебесі туралы ережегесәйкес, маған арнайы төсбелгі мен куәлікті Сізге Сенат атынан тапсыру жүктеліпотыр», — деді Парламент Сенатының төрайымы Дариға НАЗАРБАЕВА.

Отызыншы мамыр күні сенаторлар тұңғыш президентке кезекті атақты берутуралы шешімді қабылдаған болатын. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ президент қызметінқабылдаған күні Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНА «Құрметті Сенатор» атағын беру керек дегенеді.
Фотолар: zakon.kz