Өңір

«Не үкіметтен, не әкімдіктен көмек жоқ»

Министр Сапархан Омаров шаруалардың жағдайын негеойламайды? Мақтааралөңірінің халқы биыл көрген қиындығын ешқашан ұмытпайтын шығар, сірә.

«Не үкіметтен, не әкімдіктен көмек жоқ»

Сардобаданкелген су 1000-нан астам үйді тасқынның астында қалдырды. Қаншама гектарегістік жарамсыз күйге түсті.  Төрттүліктің де шығыны бар.  Ол аз болғандай,ерте көктемнен бері қыруар ақша салып еккен өнім өтпей, егістікте шіріп жатыр. Осындайсындарлы сәтте не үкіметтен, не әкімдіктен қайыр болмай тұр.

Жалпы, оңтүстіктің шаруалары соңғы жылдарыкүнгейдің жылы климатын пайдаланып, жылына екі рет өнім алу тәжірибесіне денқойған. Алғашқы өнім ақпанда егіліп, сәуірде жиналады. Сәуірде  екінші өнім егіледі. Бір жерден екі рет өнімалып, «пайдаға қарық бола қаламын» деген диқандар биыл шетінен банкротқа ұшырапжатыр. Жетісай ауданы Абай ауылдық округі Отан ауылының тұрғыны ЕрланҚарабалаевтың айтуынша, бәріне кінәлі – карантин.

– Қырыққабат егуді биыл алғаш рет қолға алғанедім. Үш гектар жерді жалға алып, еккен өнімге 5 миллион 200 мың теңгешығардым. Өнімнің  аздаған бөлігін сатып,1 миллион теңге шығынымды жаптым. Қалғанының бәрі далада қалды. Енді жалғаалған әр гектар үшін 300 мың теңге төлеуім керек. Мені қойшы, екен өнімінмүлдем сата алмай қалған шаруалар да бар. Досым 6 миллион теңге шығарып қырыққабатеккен еді. Шығынның бір тиынын да қайтара алған жоқ, – деді күйінген шаруа.Қырыққабаттың өтпей қалуының басты себебі – сұраныс жоқ. Бұған дейін жетісайлықшаруалар еккен өнімдерін, негізінен, Ресейге апарып сатып жүрген. Биыл карантингебайланысты сұраныс болмады. Сұраныс болмаған соң, өнімнің бағасы күрттөмендеген.

– Былтыр жетісайлықтар қырыққабатты Ресейге апарып,әр келісін 180 теңгеден сатқан. Биылғы баға 80 теңгеден болған күннің өзінде,шығынды жабуға болар еді. Алайда сұраныстың жоқтығынан  10 теңгеге дейін түсіп кетті. Тіпті тегінтаратып жатқандар да бар. Өйтпеске амал жоқ, себебі қырыққабат уақыты өтсе тезбұзылады, – дейді диқан Қарабалаев.  5миллион 200 мың теңге шығынға батқан шаруа сәуірде екінші өнім ретіндеқауын-қарбыз егуді жоспарлаған екен. Жоспарды жүзеге асыруға жағдай жоқ. Енді ол  жалға алған жерін басқа бір азаматқа екіншіқайтара әр гектарын 150 мың теңгеден жалға беріп жіберген. Қарабалаевтыңайтуынша, осы уақытқа дейін не үкіметтен, не әкімдіктен көмек болмаған. Тіптікарантин күшейген кезде қырыққабат алуға келген клиенттер блокпостардан өте алмай,кері қайтуға мәжбүр болыпты.

– Егілген қырыққабатты егістіктен тазартудың өзіде шаш етектен шығын болайын деп тұр. Жиналған өнімді қайда жібереріміздібілмейміз. Оны мал да жемейді екен, – дейді шаруа.

    Аудандатіпті жиналған өнімді тегін таратып жатқан шаруалар да бар. Жуырда бір диқан сутасқынына ұшыраған мақтааралдықтарға азық-түлік, киім-кешек алып келгенкөліктер бос қайтпасын деп, қырыққабатқа толтырып берген.  «Піскен өнімді тегін алып кетіңіздер» деп жарнамаберген диқандар да бар. Сырт қарағанда адамның жүрегін елжірететінқайырымдылық. Бірақ оның ар жағында еткен еңбегі еш, тұзы сор болған шаруаныңтұрғанын түсіну қиын емес.  

Жетісай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімініңбасшысы Марат Әбуовтің айтуынша, шаш етектен шығынға ұшыраған шаруаларғаөтемақы беру мәселесі қарастырылмаған. Қырыққабат еккен диқанға  субсидия да берілмейді.

– Жетісай ауданы бойынша былтыр 1026 гектар жергеқырыққабат егіліп, 36 мың тонна өнім жиналған. Биыл ауданда егілген қырыққабатодан көптеу. Өнімнің жиналуы карантинмен сәйкес келді. Тауарды Ресейдіңшекарасына дейін жеткізуде ешқандай кедергі болмайды. Мәселе – сатып алатынклиенттердің жоқтығында. Егер шаруа қырыққабаттан кейін екінші өнім егетінболса, жеңілдетілген несие беріледі, – деді бөлім басшысы. Яғни мемлекет жеңілдетілгеннесиемен ғана жарылқайды.

– Үкіметтарапынан комиссия немесе тапсырма келді ме? Жалпы, аудан бойынша шаруаларғакелген шығынды есептеп жатқан адам бар ма? – деген сауалға бөлім басшысы:

– Ешқандай тапсырма келген жоқ. Біздің есептеуімізбойынша әр шаруаның шығыны әртүрлі. Шамамен гектарына 1 миллион теңгеден 1миллион 600 мың теңгеге дейін. Шығын жердің жекеменшікте болғанына немесе  жалға алынғанына, техниканың бар-жоғына байланыстыөзгереді, –деді М.Әбуов.

Шаруалар үміт еткен екінші өнімнің қаншалықты қайырлыболары белгісіз.  Екінші өнімге бақшадақылдары егіледі. Негізінен, қауын-қарбыз. Ол маусымда піседі. Биыл Жетісайауданы бойынша 11 мың гектар жерге қауын-қарбыз егілді. Жиналған өнімдішаруалар Ресейге сатады.  Германияға,Балтық жағалауы елдеріне дейін алып баратын шаруалар бар. Ал Еуропа мен Ресейдекоронавирус күшейіп тұр. Әсіресе негізгі тұтынушы Ресей бұл індеттен жуық арадаоңала қоймайтын сияқты. Маусым айында «қырыққабат эпопеясы» тағы да қайталануыәбден мүмкін. Қауын-қарбызды ішкі нарықта сатуға болады.  Бірақ мұндай жағдайда өнім бағасы қаттықұлдырайды, ол тіпті жол шығынын да ақтамауы мүмкін. Айналып келгенде,  екі пайда табамын деген шаруа екі қайтарабанкрот болуы әбден мүмкін.

Жетісай өңірінде мақта егумен айналысатын «Кетебай»өндірістік кооперативінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты СәдуБекеновтің айтуынша, бүгінгі күні шаруалар өте қиын кезеңді бастан өткеріпжатыр.

– Ел су тасқынына ұшырап жатқан кезде өтемақысұраудың өзі қиын. Дегенмен қырыққабат, қауын-қарбыз егу шығынды көп талапететін дақыл. Гектарына миллиондаған теңге кетеді. Еккен өнімін сата алмай,шығынға ұшыраған шаруаларға мемлекет тарапынан өтемақы беріле ме, жоқ па, әлібелгісіз. Қалай десек те,  мұның соңыжалпы ауыл шаруашылығына үлкен соққы болайын деп тұр, – деді төраға.

Мемлекет тарапынан ештеңе істелінбей жатыр деугеболмайтын шығар. Бұған дейін үкімет отырысында облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев бұлмәселені премьер-министр Асқар Маминнің алдына қойып, оңтүстіктегі шаруалардың300 мың тонна қырыққабатын сатуға жәрдем сұраған. Алайда ауыл шаруашылығыминистрі Сапархан Омаров карантинге байланысты ешқандай жәрдем бере алмайтыныналға тартты.

Қазір әлеуметтік желіде Шымкентте пияз, қырыққабатартқан 40 шақты жүк көлік иелерінің жиналып, билікке деген наразылығын білдіргені жөнінде ақпараттар пайда болды. Жүктасушылардың айтуынша, олар Ресейге, Белоруссияға,  Қазақстанның өзге өңірлеріне өнімдітасымалдауға қажетті рұқсат құжаттарын осы уақытқа дейін алмаған. Ауыл шаруашылығыминистрлігінің Шымкенттегі аумақтық бөлімшесі «база істемей қалды» дегенжелеумен фитосанитарлық сертификат бермей отырған көрінеді. Сертификат алу үшінмамандардың қолына 20-40 мың теңге қыстыру қажеттігі де айтылады. Сонда бұл не?Онсыз да шығынға ұшыраған шаруаны мүлдем тоқырату ма? Ауыл шаруашылығы министріСапархан Омаров шырылдаған шаруалардың обал-сауабын неге ойламайды?

  Жалпы, ауылшаруашылығы министрлігі осы жолы шыдамы мен төзімінің өте мықты екеніндәлелдеді. Оңтүстікте шаруалар өнімдерін өткізе алмай шулап жатқан кезде министрСапархан Омаровтың өзі не болмаса орынбасарлары Түркістан облысына ат ізінсалған жоқ.  Кеңседегі шаруадан басқағабас ауыртпайтын бұл неғылған министрлік, сонда? Осы уақытқа дейін министрС.Омаровтың тарапынан не мақта егуді қысқартып, бір жерден екі өнім алу тәсілін ұдайы насихаттап, жергілікті әкімдергетапсырма беріп жүретін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тарапынан шығынға батқаншаруаларға өтемақы төлеу жөнінде үкіметке ұсыныс берілді ме? Бұл туралыешқандай ақпарат жоқ. Егер тиісті орындардан ұсыныс болса, үкімет үнсіз қалмаспа еді…

   Наурызайында шаруалармен өткен кездесуде Өмірзақ Шөкеев: «Шаруалар назардан тыс қалмайды. Елдегі төтенше жағдайға байланысты ауылшаруашылығы саласының ақсауына жол берілмейді. Керісінше, қайта жұмысты күшейтуқажет. Мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі», – деген еді.  

 Сонда осыуақытқа дейін берілген уәделер, төтенше жағдайға, дағдарысқа қарсы шараларғабөлінген жүз миллиардтаған, триллиондаған теңгелер қайда кетті?

БақытжанӘБДІРАШҰЛЫ,

Түркістаноблысы

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз