Әлеумет

«Немеремді тауып беріңдерші»

Ақмола облысыСимферополь ауылында Вячеслав БЕЛОВ есімді азамат із-түссіз жоғалды.

«Немеремді тауып беріңдерші»

Құзырлымекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындарының іздестіру жұмыстарын жүргізгенінебүгін тоғызыншы күн. Вячеславтың амандығынан күдерін үзбеген жақын туыстарыкөрген-білген жандар болса хабарласуын сұрап отыр. 

Вячеслав Белов 23жаста. Үйдің жалғыз баласы. Анасы екі ай бұрын инсульттан көз жұмған. Нағашыапасының қолында тұрады. Көз жанары дұрыс көрмегендіктен туғанынан үшіншітоптағы мүгедек. Соңғы рет жақындары Вячеславты 27 ші Наурыз күні көрген. Солкүні кешкі сегіздер шамасында үйден шыққан жігіт  қайта оралмаған.

«Достарына кеткен шығар деп түнде іздеген жоқпыз.Таңертең үйге оралмағасын алаңдай бастамдым. Қайта-қайта телефон шалғанымдаалмады. Кешкі сағат бестер шамасында телефоны өшірулі болды», – дейді жоғалғаназаматтың нағашысы Валентина ЛИШНЯК.

Жаңа қаулы бойыншажоғалған адамды құзырлы мекеме қызметкерлері 1 жарым тәуліктен кейін іздейтінінбілмей қалдым дейді нағашы апасы. Полицияға тек екі күннен кейін хабарласыпты.

«Бүгін тоғызыншы күн. Әлі табылмады. 8 бірлік техникажұмылдырылды. Зеренді ауданының ішкі істер бөлімі мен Ақмола облысының төтеншежағдайлар қызметкерлері іздеп жатыр», – дейді Симферополь ауылдық округнініңәкімі Жадай ӘБУТӘЛІПОВ.

Сондай-ақ, ауыләкімі мен ерікті 50 азамат жоғалған жігітті іздеп, дамыл таппаған. Кинологтарда осы төңіректі шарлап жүр. Айналасын орман қоршаған ауылды бірнеше рет сүзіпөткен олар үшті-күйлі жоғалған азаматты таба алмай жатыр.

Спутник Вячеславтыңұялы телефоны осы ауылда екенін көрсеткен.  Бірақ нақты қай тұста жатқанын белгілеу мүмкінболмапты. Сол күні үстіне қара куртка, қара шалбар және ірзеңке етік киіп шықтыдеген Вячеславтың жақындары көрген білген жан болса, хабар беруін сұрап отыр.

Фотолар автордікі.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз