Непал мен Қытай шекарасында үшінші қазақстандық жоғалып кеткен болуы мүмкін
Непал мен Қытай шекарасында тағы бір қазақстандық азаматтың жоғалып кетуі мүмкін екені анықталды. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.
Бұған дейін СІМ Непалда табиғи апаттан кейін із-түзсіз жоғалғандар арасында екі қазақстандықтың барынхабарлаған еді.
Қазір жоғалған отандастарымыздың саны тағы бір адамға артуы мүмкін.
Табиғи апат 26 тамызда Непал мен Тибет шекарасында болған. Жойқын сел Бхотекоши және Тришули өзендері аңғарындағы елді мекендерге, жолдар мен көпірлерге айтарлықтай зақым келтірген.
Reuters мәліметінше, апат салдарынан 620-дан астам адам қаза тауып, шамамен 3 мың адам із-түзсіз жоғалған.