Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:37, 21 Маусым 2024

Нидерланды премьер-министрі НАТО-ның Бас хатшысы болады

Марк Рютте
Фото: JOHN THYS / AFP

НАТО-ға мүше 32 елдің барлығы НАТО Бас хатшысы лауазымына Нидерланды премьер-министрі Марк Рюттенің кандидатурасын қолдады, деп жазады Politico.

Оның кандидатурасын Словакия мен Венгрия сейсенбі, 18 маусымда ең соңғы болып мақұлдады. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан бірнеше ай бойы Рюттенің кандидатурасын қолдауға келіспеді. Нәтижесінде Нидерланды премьер-министрі Будапешт НАТО-ның Украинаны қолдау жөніндегі іс-шараларына қатысудан бас тарта алады деп уәде берді. Кейінірек Орбанның өзі НАТО-ның қазіргі бас хатшысы Йенс Столтенбергпен жасалған келісімді растады және Рютте «мұны жалғастырады» деп үміттенетінін білдірген.

Рютте Словакияның қолдауына НАТО елдің әуе кеңістігін қорғауға көмектесетініне уәде берген соң ие болды.

Альянстың бас хатшысы лауазымына Рюттеден басқа жалғыз үміткер Румыния президенті Клаус Иоханнис болды. Бейсенбі, 20 маусымда ол өз кандидатурасын алып тастайтынын мәлімдеді.

НАТО бас хатшысы ретінде Рютте қазіргі бас хатшы Йенс Столтенбергтің орнына келеді. Ол өз қызметіне 1 қазанда кірісетіні айтылған.

 

Тегтер: