Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:16, 07 Қазан 2024

Нобель сыйлығының медицина және физиология саласындағы лауреаттары анықталды

е
Фото: Getty Images

7 қазанда Нобель комитеті медицина және физиология саласының биылғы лауреаттарын жариялады. Аталған саладағы Нобель сыйлығы биыл ғалымдар Виктор Амброс пен Гари Равканға микроРНҚ-ның ашылуы және оның транскрипциядан кейінгі генді реттеудегі рөлі үшін берілді.

Виктор Амброс пен Гари Равканды әртүрлі типтегі жасушалар қалай дамитынын зерттеген. Олар генді реттеуде маңызды рөл атқаратын шағын РНҚ молекулаларының жаңа класы микроРНҚ-ларды тапты.

Ғалымдардың жаңалығы гендік реттеудің мүлдем жаңа өлшемін көрсетті. МикроРНҚ организмдердің дамуы мен жұмыс істеуі үшін түбегейлі маңызды екені дәлелденген.

2024 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары 7-14 қазан аралығында анықталады, атап айтқанда:

7 қазан - физиология және медицина,
8 қазан – физика,
9 қазан – химия,
10 қазан – әдебиет,
11 қазан - бейбітшілік,
14 қазан - Альфред Нобельді еске алуға арналған экономика ғылымдары бойынша Швеция Орталық банкінің сыйлығы табысталады.

Айта кетейік, 7-қазан Нобель апталығы басталды, оның барысында 2024 жылға арналған осы беделді сыйлықтың жеңімпаздары жарияланады. Сыйлық 1901 жылдан бері жыл сайын физика, химия, физиология және медицина салаларындағы, әдебиет пен бейбітшілікті сақтау ісіндегі көрнекті жетістіктері үшін беріледі. Сондай-ақ, 1969 жылдан бастап Альфред Нобельді еске алуға арналған экономика ғылымдары бойынша Швеция Орталық банкінің сыйлығы беріледі.

Нобель сыйлығы швед кәсіпкері, динамитті өнертапқыш және филантроп Альфред Бернард Нобельдің өсиетімен құрылды. Ол өзінің бүкіл байлығын (шамамен 31,5 миллион швед кроны) халықаралық сыйлықты қаржыландыруға бөлген.

Оның өсиетіне сәйкес, бұл мұрадан түсетін жылдық кірісті өткен жылы әртүрлі қызмет салаларында адамзатқа ең көп қызмет еткен тұлғаларға бөлу керек. Биылғы жылы сыйақы 11 миллион кронаға белгіленді.

Биыл Нобель бейбітшілік сыйлығына барлығы 286 үміткер ұсынылды. Үміткерлер арасында БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындар жөніндегі агенттігі (UNRWA), Халықаралық қылмыстық сот (ICC) және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бар.