Әлеумет

Нұр-Сұлтанда карантин режимі жеңілдемейді - әкімдік

Нұр-Сұлтанда карантин режимі жеңілдемейді, тұрғындарсанитарлық нормаларды қатаң сақтауы тиіс.

Нұр-Сұлтанда карантин режимі жеңілдемейді - әкімдік

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөзқызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін елорда әкімі АлтайКөлгінов коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес бойынша жиын өткізді.

«Карантин режиміжеңілдегеннен кейін қазір көшелерде адам көп. Күн сайын жүргізіліп жатқан рейдқатаң санитарлық нормаларды сақтау қажетін көрсетіп отыр: санитарлық-эпидемиологиялықталаптарды бұзғаны үшін 26 нысан жабылды, олар құрылыс компаниялары, дәмханалармен мейрамханалар, қонақүйлер және басқа.

150-ден астам кәсіпорынескерту алып, кейбіріне айыппұл салынды. Рейд кезінде саябақтар мен гүлзарлардаадамдар топтанып, маскасыз жүретіні анықталды. Осының бәрі инфекцияның тезтаралуына әкелуі мүмкін. Дәрігерлерге вирусты дер кезінде анықтап, індет ошағынжою қиын болады. Осыған орай полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп,халыққа түсіндірмені күшейтіп, қызметі рұқсат етілген компаниялар жұмысынакүндетікті мониторинг жүргізуі тиіс. Санитарлық нормаларды бұзған нысандаржабылады. Вирус жұқтыру қаупі әлі бар, сондықтан босаңсуға болмайды», — деді Алтай Көлгінов.

Қала әкімі әркім өзінің жәнежақындарының денсаулығы үшін әлеуметтік жауапкершілік таныту керегін айтты.Өкінішке қарай, ауырғандардың 40 пайызы 18 бен 30 жас арасындағы жастар, 36пайызы 30-дан 50-ге дейігі адамдар. Коронавирусқа әдеттегі тұмау деп қарамаукерек. Бұл ауру санаулы күннің ішінде мықты әрі бұрын созылмалы ауруларыболмаған адамның денсаулығын құрта алады. Тек өзін-өзі оқшаулау мен санитарлықталаптарды ұдайы сақтау ғана — бұрынғы қалыпты өмірімізге тез жеткізетін жәнеең дұрыс жол.

 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз