Руханият

Нұр-Сұлтанда киностудия салынбайды

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Нұр-Сұлтанда киностудия салу мәселесіне нүкте қойылғанын айтты.

Нұр-Сұлтанда киностудия салынбайды

 

— Қазақстан Республикасының «Кинематография туралы» заңы қабылданғаннан кейін шынымен де Нұр-Сұлтанда жеке киностудия салу туралы мәселе көтерілген болатын. Бірақ аудит пен талқылаудан кейін қазақ киносының бренді - Алматы қаласында орналасқан Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ-ты одан әрі дамыту және жетілдіру туралы шешім қабылданды. Сондықтан, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда жаңа киностудия салу мәселесі деген жоқ, — деп түсіндірді министр ОКҚ-да өткен брифингіде.

Еске сала кетейік, Мәдениет министрлігі «Астанафильм» киностудиясының құрылысы туралы 2018 жылдың қыркүйек айында хабарланған болатын. Содан кейін экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы алдағы уақытта "Қазақфильм" жұмыс көлемін игере алмайтын күйге жетінін айтқан еді.

2019 жылы жоба орта жолдан кілт тоқтатылды, оның себебі туралы айтылмады.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз