Нұрбек Нұржанұлы. Аждаһаның жүрегі
Менің сүйікті мекенім – Алматы шаһары. Саяхат. Жаздың аяғы, күздіңбасы. Жапырақтар енді сарғая бастаған шақ.
Кешкі іңірдің қып-қызыл нұрынашомылған ұзын сонар көшелер. Автобустар мен көліктердің бипылы. Бір-екі сағатқасозылған кептеліс. Шопырлардың боқтауы, үйіне асыққан жолаушылардың табаныныңгүрсілі, ғашығына асыққан мәжнүндердің жүректерінің дүрсілі, түрлі-түрлісатушылардың бақырған дауысы, кондукторлардың құлақ жарар үндері – бәрі-бәрітоғысып, үйлесіп жатты. Қарбалас тіршілік, ешкімнің де ешкімде шаруасы жоқ.Әркімнің өмірі өзінде.
Райымбек көшесінің бойымен құлдилапШәріп келеді. Оған бұл шаһар жиырма жылдан бері таныс һәм бөтен… Осы қаладатуды, өсті, арғы жағы белгісіз жұмбақ… Ақшамның уақытын айқындап Орталықмешіттің азаны шырқала жөнелді. Бір-біріне қарама-қарсы адамдар, ойлар, көздер,жолдар өтіп жатты, кетіп жатты. Шәріп осынау алып шаһарға да, қоғамға дабілінбей өзімен-өзі келеді. Оның өмірі, ойы, көзқарасы, сезімі, жүрегі ешкімгеқызық емес және таныс емес. Ол жетім еді… Өмірінің басын интернатта өткізіп,кейіннен теріс, небір бұралаң жолдарға түсіп, сорлы басын тауға да, тасқа дасоқты… Ақыры жалған намыс үшін төбелескен күндерінің бірінде аяғын сындырып,артынан оны емдемей, ақыры қисық бітіп, мүгедек болып қалды. Жетім Шәріп жетімшаһарда жетім қоғамға көз тастап келеді. Мүгедек жандарды мүсіркеп келеді.Жетімнің жанарында бәрі де жетім. Ол бәрін аяйды… Оның өмір кітабын оқыпкөрсеңіз еш қызығы жоқ бұлыңғыр һәм күңгірт. Көңілі бәрінен қалған,сатқындыққа, надандыққа, азғындыққа көмейінен тойған. Оған еш нәрсе қызық емес.Ол әлдеқашан өмір сүріп жүргенін ұмытқан тірі өлік. Бала кезінен бір тірі жанжылы көзбен қарамаған соң сорлы жүрегі тоңып қала берді… Жастық жалыны сөніп,тасыған күш қуаты әлсіреп барады. Оның өмір сүріп жүрген жалғыз ғана сүеніші –кітап. Бала кезінен кітап оқығанды жаны сүйеді. Сол өмір бақи әдетіне айналыпкетіпті. Кітапсыз бір күнін де елестете алмайды. Интернатта түнде фонариктіңшамымен көрпе астына тығылып, ертегі оқып жататын. Кітаптағы сансыз мейірімдіадамдарды көріп жаны жай табатын. Ол оқыған кітаптарда үнемі әділдік жеңушіеді. Кітаптағы кейіпкерлермен сырлас болып, өмірден таппаған достарын кітаптантабатын. Оның ертегі, әфсана, хикаят, роман, повесть, поэзиядан оқымаған кітабықалмаған шығар. Біраз кітаптарды мектеп кітапханасынан алып жүрді. Бірақ соңғыкездері кітапханадан емес, қоқыс жәшіктерінен табатын болды. Бір сандыққоқыстарға тасталған кітаптарды көргенде не қуанарын, не жыларын білмей: «О,тоба! О заман да, бұ заман кітабын қоқысқа тастайтын тас жүректер де болады-ау!»деп қайран қалатын. Қазақ прозасы менпоэзиясындағы авторлардың кітаптарын қайталап оқи бергенді жақсы көретін. Шетеләдебиетінен де біршама кітаптарды оқып шықты. Ол – ақын еді. Жүрегі нәп-нәзік,алайда мұзға айналған гүл еді. Поэзиямен ұйықтады, оянды, өмір сүрді тіптіжұмыс істеді. Ол өмірінің де, өзінің де кітапқа айналып бара жатқанын сезбегенеді...
Күнделікті жұмыс орны осы «Саяхаттың»ар жақ, бер жағы. Әдеттегі бұрышына барып тұрды. Қап-қара чемоданынан аппаққардай қағаздарды ала бастады. Көк сиямен боялған парақтарда шимай-шатпақғазалдар. Бірі мыжылған, бірі жыртылған. Күс-күс болған саусақтарыменқағаздарды реттей бастады. Қара чемоданын ашып қойды. Кәдімгі сахнада тұрғанадамдарша бойын тіктеп, тамағын кернеп қойды. Ұзын қара шашы су көрмегелі біразболған-ау оңай қайрылмаған соң, түкіріктеп жеберді. Сахнаға шығып,көрермендердің алдында өлең оқу бала кезінен бергі арманы еді. Бұл жердің десахнадан еш кем жері жоқ, өлең тыңдаймын дегендер қай жерде де тыңдайды емеспе? Ол өзін мәдениетті адамша сезініп өтіп жатқан, кетіп жатқан көрермендергеқарап басын изеді. Біреулер бұған қарап күлсе, енді бірі, мазақ қылып, тағыбірі амандасса, кейбір сотқарлар бес саусағының ортан терегін көрсетіп өтетін.Қолында аппақ парағын бір сілкіп қойып бұл ешкімге мән берместен поэзияны оқиберетін. Көп өлеңдерді және өзінің жаңа өлеңдерін жатқа оқитын. Ырғағынкелтіріп, баппен, асықпай, саспай мәнерлетіп әкететін. Абайдан бастап оқып, әріқарай Сұлтанмахмұт, Мағжан, Төлеген, Мұқағали, орыс ақындарымен жалғастырып,Пушкин, Есенин, Некрасов, ақыр аяғында өзінің жырларымен аяқтайтын. Ол өлеңоқыған кезінде ерекше әсерге бөленіп, күллі әлемді ұмытатын. Поэзияныңмузыкасына Алматыны тербететін. Қала, көше, адамдар, бәрі де тәтті бірөлең-жырға сусындап, кепкен таңдайлары шөлін қандырып қалатын. Ол өлең әсеріненшыққанда айналасына халық үймелеп қалушы еді. Қара чемоданы да әжептәуірбақырға толып қалатын. Айналасын қоршаған қара халық шапалақ ұра жөнелетін.Көше сымдарына қонған кептер, торғай, қарғалар да ұйып тыңдап отыратын, өлеңіноқып біткенде ұша кетіп қос қанаттарымен шапалақ ұрғандай қошеметтейтін.Төбесінде қалықтап тұрып алатын. Поэзияның әсерінен жан-жағындағы қарағаш,қайыңдардың жапырақтары сағыныштан сарғайып бара жатқандай еді… Айналадан«Браво! Қайыршы ақын жарайсың! Молодец!» деген қошеметтер гу-гу естіліп жатты.Күн де осылай, әрине, бола бермейді. Кей адамдарды танып жатады, олар күн сайыносының өлеңін есту үшін әдейі келеді… Біреулер мазақ етіп, телефондарынатүсіріп әжуалап жатса, тағылары келемеждеп, ұрылар ақшасын ұрлап жатады. Алайдаол өзін басындырған емес. Оның қаруы жұдырығы. Төбелестің неше түрліәдіс-тәсілін біледі, тек аяқ құрғыры ғана шегіне береді. Оның өміріне әрбір күнақ параққа жазылған өзінің шимай-шатпақ өлеңдеріндей бірі келіп, бірі кетіпжатты...
Жауынды күндері жер төленің астынакіріп алып, өлең оқимын. Ол жерде баян тартатын кәрі шал бар.Бір жерге тесіліп алады да, баянын тартып, күн ұзаққа тұнжырап отырады. Сөзгесараң. Бір-екі рет самса мен шәй алып беріп едім, қуанып, «Рахмет, айналайын!»деді, басқа ештеме айтпады. Мен де сөзге шорқақпын, тек көзбен ғана ұғысамыз.Менің тыртық басқан шекеме қарап жүрегімді ұғып тұрғандай, мен оның әжім басқанмаңдайына қарап өмірін түсінгендей болам. Ол Шәмшінің әндерін әуендеткенде етжүрегім босап қоя беретін. Ондайда мен Мұқағалиды оқитынмын. Ол Нұрғисанытартса, мен Төлегенді оқимын. Бұл шалың да сөз қадірін білсе керек, мен оқығанөлеңдердің кей жерлерінде басын шайқап қояды. Не керек шал екеуміз ақын,композитарлардың, хас таланттардың шығармаларымен жер төлені әуенге, жырғатолтырушы едік. Поэзия мен музыка үйлескенде шіркін-ай, сағынып, мұңайып,армандап кететінбіз. Поэзия мен музыка екеуін бір-бірінен айыра алмас егіздейеді. Менімен шал да егіз, екеумізде жетім едік...
Таңдар атып, күндер батып жатты. Менің үйім жертөледе. Қалашетіндегі ескі бес қабаттық тамның астында. Темірмен қоршалған терезесі бар.Оны ашудың тілін мен ғана білемін. Тұрғаныма бір жыл болды. Ешкім ештеңе дегенемес. Іші әрине лас әрі ауасы тар. Бірақ, қонуға болады. Шамамкелгенше, аптасына бір рет тазалап тұрамын. Көп болса, бес адам сиятындайбөлме. Ішін кітаптарға толтырып тастадым. Жалғыз стөл мен жалғыз орындық. Көнеғасырдағыдай майшам жағып жатамын. Түнімен кітап оқимын, шабытым келсе, өлеңжазамын. «Өз үйім – өлең төсегім» десем де, қыстыкүндері қатты суық. Ал жазда қапырық, ыстық. Әйтсе де, үйреніп кеткенім рас,басқа жерге көшуге ниетім жоқ. Көшкен күнде де қайда барып, қайда қонар едім?Жоооқ, маған бұл жер бес жұлдызды қонақ үйден де артық. Жұмыстан түскен ақшаманан, май аламын, қалғанын жинап жүрмін. Білмеймін не үшін жинап жүргенімді,әйтеуір бір жыртығыма жамау болар деп сақтап келем. Одан артылған аз-маз ақшаныконализацияда тұратын орыс шал мен кемпірге апарып беремін. Есімдері Евгениймен Марина. Кезінде зиялы адамдар болған көрінеді. Сөйлеген сөздері, істерімәдениетті. Дегенмен байқұс шал-кемпірді аяймын. Өзінің туған баласыәке-шешесін арақ алып кел деп жұмсаған, таппаса ұрған, одан қалса тепкілеген.Қорыққаннан шал мен кемпір өз баласынан өздері безіп кеткен. Әкесінің басы жарылған,әлгі «ит» таспен ұратын көрінеді. Шешесінің қолын сындырған. Өз ауыздарынаносыны естігенімде жағамды ұстадым. Әлгі «доңызды» тауып алып «әке-шешесін» танытқым келді. Екі қария қорқыпқалғаны соншалық, бір нәрсе тарс етсе болды жалтқарайды. Ал қазір көше кезіп, қоқыс жәшігінен нәпақасын іздеп жүр. Меніөз балаларындай көреді. Қолымнан келгенше күн сайын нан-шәйімді ала барамын. Өзәке-шешем болмаған соң, өзімді де, оларды да алдап, «мама, папа» деп қоямын.Олар мәз болады, содан кейін жылайды...
Мен өзімнің жұмысымды қайыршылық деп айтпас едім. Себебі таңатысы, күн батысы өлең оқу, оларды жазу оңай шаруа емес. Тамағың кеуіп, аузыңқұрғап, жүйкең тозады. Еңбек етем, халық еңбегімнің ақысын береді. Егер де ешөнерімді керсетпестен құры босқа отырсам, онда басқа әңгіме. Ендеше, нағыз тіленшінің, сығанның өзі болыпшықпаймын ба?!
Кешке жұмыстан келіп, «үйіме» жайғасып, ауқатымды ішіп,көптен күткен, сағындырып жеткен кітаптарыма қауышамын. Кітаптарды ары ақтарып,бері ақтарып шықтым. Жертөледегі барлық кітапты тауысып болыппын. Енді жаңакітап табу керек. Бұларды бірнеше рет қайта оқып шыққанмын. Не істесем екен?Кітапханалар жабық. «Қалай да амалын табу керек, іздеу керек» дедім де, көшегеатып шықтым. Көшелерді іздеп келемін, әйтеуір табармын деген тәтті үмітім бар.Қоқыстарды, көшелерді, жол бойын да қарап шықтым. Мазам қашты. Түк шықпағансоң, үйге қайтуға тура келді. Ақыры сандалып «үйге» бұрылдым. Қарасам, біразжер жүріп тастаппын. Қараң-құраң үйлердің арасымен келемін. Айналам тып тыныш.Бірен-саран көліктер «зу» өтеді. Шаршағанымды байқап, жолда кездескен бірорындыққа отыра кеттім. Сәл демалып, қайта тұрармын деп ойладым. Ұйқы қысабастады. Терезелерден шашыраған үйлердің балауыз шамдарына қарап отырдым. Бәріде бөтен, алыс, жылусыз, жасанды шамдар. Мені жау, ұрлықшы көреді. Ха-ха-ха,«үйімізді тонап кетеді» деп қорқасыңдар ма, әлде «алтынымызды алып кетеді» депқорқасыңдар ма? Өңшең қорқақтар… Есіктеріңнің үстіне есік қойып, ағашпен,темірмен қаптап тастадыңдар. Он кілттерің бар. Өздерің әзер кіресіңдер.Терезелеріңді темірмен орадыңдар. Түрмеде отырғандарыңды білесіңдер ме? Мағанжәне өздеріңе қараңдаршы, кім бостандықта, кім еркіндікте? Кімнен, неденқорқасыңдар? Жоооқ, сендер бізден қорқасыңдар! Өздерің тас жүректеріңменүйреткен, мейірімсіздікпен көрсеткен, ұрып, қоғамнан қуып тәрбиелеген,біздерден «жетімдерден» қорқасыңдар. Жетімнің бәрі сотқар, бұзақы, надандейсіңдер ме? Ей, жылусыз шамдар, ең болмағанда өшпеңдерші… Мен осылай ойғабатып отыра бердім. Төбемдегі екінші қабаттың ас бөлмесінен бір отбасыныкөрдім. Әкесі, анасы, бірнеше қыз, ұлдары кешкі асын ішіп отыр. Азан-қазанәңгіме, күлкі, әзіл-қалжың… Әкенің арқаңды қаққан салмақты, байсалды алақаны,ананың ып-ыстық мейірімге толы шашыңды сипап өткен саусақтары… дастарханындане бар десеңші шіркін! Мммм- мынау еттің исі ғой. Жайылған қамыр, үстінесебілген пияз, оның үстінде қазы-қарта, ет, төс оуууу шіркін-ай десеңші!Жып-жылы үй. Бақытты шаңырақ… Мен бұдан артық шыдай алмадым. Көкірегімөртеніп кетердей болды, суық та болса өз «үйіме» асықтым. Кете беріп едім әлгіүйдің бірінші қабатындағы гүл бағына көше шамының сәулесі төгіліп тұр екен.Арасында бір затқа көзім оттай басылды. Бақшаға кіріп бардым. Раушан гүлдерініңортасында мектеп партасының сынған орындығы тұр. Үстінде сабылып жер жаһандыкезіп іздеген менің махаббатым – кітап тұр. Біреу алып қоярдай қолыммен жұлыпалдым. Бірден иіскедім. Жаңбырдың, гүлдің, тозаңның және 50 жылдық ғұмырдың исіаңқиды. Расында да мұқабасы ескі екен. Құшағыма қысып алдым да, жүгіре кеттім.Жертөлеге кіргенше, оқығанша асығып келемін. «Қандай кітап болдыекен, не жайында, поэзия ма, проза ма, ғылыми кітап па? Әлде, оқулық па?» дегентүрлі сауалдар көкейімді тесіп келеді. Ақыры орындығыма отырып «биссмиллә» депкітапты ақтардым. Қарасам сыртқы мұқабасы және алғашқы бір беті бар, кейінгі онбеті жоқ. Авторы да, шыққан жылы да белгісіз. Ортасында жетпіс шақты, соңындақырық шақты беттер жоқ екен. Ал керек болса! Өзі 400 беттік кітап. Авторсызоқысам әрі соңында не боларын білмесем қызықсыз һәм түсініксіз болмай ма?!Бірақ әзер тапқан кітабым «Жоқтан баржақсы» деп тәуекел еттім де оқи бастадым. Алғашқы бетінде «Ерте, ерте, ертеде,қазақ-түркі даласында, Көкшетау өңірінде бір алып айдаһар өмір сүріпті...» депбасталады екен. Сонда бұл кітап ертегі болғаны ғой. Қызық екен, әрі қарай«Айдаһардың ең әлсіз жерін ешкім біле алмапты, көрген көсем қариялар оны өлтірумүмкін емес десе керек-ті. Халықтың малын, адамдарын жеп, егінін өртеп әбденәбігер қылған екен. Көшейін десе туған жері… Көшпейін десе айдаһар. Небірпалуандар, батырлар айдаһардың көзін құртуға аттанып, ажал құшып қайтыпты.Күндердің бір күнінде Сексенбай деген байдың Ай десе аузы, Күн десе көзі бар еңкенже Ләйлә деген қызы болыпты.» Пах, шіркін, «Ләйлә» не деген әдемі есім.Мәжнүннің немесе Жұматайдың Ләйләсіндай болармысың? Махаббат туралы ертегіболса, ғажап болар еді. Сонымен Ләйлә, «Ол өте сұлу әрі әсем болды. Жер бетіндеоның сұлулығына тең келетін жан болмады. Ол жүргенде шөптер ырғалып би биледі,сөйлесе, құстар ән айтады, жүгірсе, көбелектер жарысады, ұйықтаса, жер тербеледі. Ләйләнің шашықоп-қоңыр күзгі жапырақтың түсіндей, алты өрімі тобығына жететін. Кірпігіненнұр сібірлеп, жанарынан таң күлімдеп тұратын. Оның ары қардай аппақ, жаңбырдаймөлдір. Аққұба жүзіне ай сәулесі шағылысып тұратын. Нәп-нәзік саусағыментүрлі-түсті сырмақ, кілем, кестелер тігеді. Оған жер жаһаннан сан мың «мен»деген ер жігіттер құда түсуге келетін. Алайда Ләйлә ешбірін өзіне місетұтпайды. Оның жүрегіне от тастаған бірде-бір азаматты кездестірмейді.Сексенбай қызын он сегізге толғанша тұрмысқа бермеймін деп сөз берген. » Осыжерден бастап он беті жоқ. Қап… Қызық жеріне келгенде. Ләйлә, шіркін-ай, недеген әдемі, керім қыз еді. Менің өмірім де бір де бір ғашығым болмапты-ау,ғашығым былай тұрсын ғашықта болмаппын. Маған кім қарасын, құлағым қалқиған,шекем шыққан оның үстіне маңдайымда тыртығым бар, сосын мүгедекпін. Ең жаманықайыршымын. Ақшасы жоқтың қадірі жоқ қоғам болды ғой бұл. Сонау көне ғасырғакетер ме едім шіркін! Мен осынау кітаптардың ішінде өмір сүрсемші. Бала кезімдеертегілерге сенуші едім! Әлі күнге дейін сенемін… Арманыма жететініме,сүйгеніме қосылатыныма сеніп келем, сене де берем. Мына заманнан басқа ғасырғакетсемші. Мынау ғасыр сыйдырар емес, шетке итеріп тастай береді. «Қайран меніңкітаптарым» деп жанарымды үйілген кітаптарға қададым. Олар мені шақыратынсекілді. Олардың тілі бардай, өз тілдерінде маған өмірді түсіндіргісі келеді.Өмірді, қоғамды, адамзатты, тіпті өзімді түсіне алар емеспін. Қаншама жылсотқар, бандит болдым. Есімді жинағанда, жақсы адам болуға ұмтылғанда бәрімаған жау бола кетті. Кеше ғана «рекіт» болғанымда не ішем, не жеймін демедім,бәрі бар еді, бірақ «ар» байқұс жанымды мазалады-ау. Өлсем де ол күнге, оләлемге оралмаспын. Кім болсам да, ешкімнің ақысын жеп, көз жасына қалмаспын.Адамзатқа зияны тиетін бай болғаннан, қоғамға пайдасы тиетін қайыршы әлдеқайдаартық емес пе? Бірақ, осы қоғам мені сыйдырып жатыр ма? Оу, кітаптар,ертегілер, мені әкетіңдерші өздеріңнің әлемдеріңе. О, ертегілер, дәлелдеңдершірас екендеріңді! Жаңағы кітапты бүгін қалайда бітіруге асықтым. Ертең жұмысқакеш шықсам да, бітіріп барам деп бекідім. Мен оқыған кітаптарды кейде «Баяншы шал» тыңдағысы келеді. Бірнешекітаптарды айтып та бергем. «Көзім көрмейді, әйтпесе оқыр едім, біркөзілдірікке зар боп жүрмін...» дейді. Мен оқығандарымды айтқанды жақсы көрем.Белгісіз кітаптың жоқ беттерін ысырып, ары қарай оқи бастадым. «… Ләйләақылына көркі сай ару еді. Бұл ауылға осы қыз үшін талай жау да шапқан. Бірақөр азаматтар намыстарын аяққа таптатпады. Ләйлә айдаһардың ауылға талайшапқанын көрді. Қорыққаннан жүрегі жарылардай болса да, қанында батырға тәнқасиет бар-тын. Ол осы бір айдаһарды көзін жойып, елін пәлекеттен құтқару үшінмынандай шешім қабылдайды. Ләйлә Қаратау шыңының үңгірін көрсетіп тұрып:«Кімде-кім анау аждаһаның көзін жойса, мен оған тұрмысқа шығамын» деп ұсынысынайтады. Бұны естіген жер бетіндегі барлық батыры, балуаны, баһадүрі барайдаһардың көзін жоюға бел буады. Қаншама азаматтар осы жолда құрбан болды,бірақ айдаһардың көзін жойған асыл ер табылған емес. Әр нәрсенің әлсіз жеріболғанындай, айдаһардың әлсіз тұсы болмауы мүмкін емес. Біз соны табуымыз керекдеп би, шешендер кеңес құрады. Әлі күнге айдаһардың әлсіздігін адамзат байқағанемес.» Қызық екен… Ләйлә, Ләйлә не деген жүрегіме жылы есім. Қайталай бергімкеледі. Сенің заманыңа кетіп, айдаһардың көзін жойып, сені салкүреңгеөңгеріп-ап, әкетер ме едім! Оу дариғам менің, менің көз алдыма кітаптасуреттегендей сенің жанарың, шашың, нәп-нәзік саусағың елестеп тұр. Мен сеніқиялымда суретіңді сап, жүрегімнің қабырғасына іліп қойдым, Ләйлә. Сені бір реткөрсем, тек бір ғана сәт. Менен асқан бақытты жан болар ма еді! Мен бұлғасырдан, бұл өмірден ғашығымды таппадым, мен ғашығымды кітаптан таптым, авторыжоқ кітаптан… Тәтті қиялға бір шомып, бір сүңгіп, сағыныштың шәрбатына батып,кітапты оқыдым. Маңдайымнан тер шығып, жүрегім қобалжып, кітап ішіне еніп баражаттым. Кітап қыза түсті… «Айдаһар қаһарын шашып: «маған қарасы таусылмайтын,бітпейтін батырсымақтар не үшін ажалын іздеп жүр» деп ақыра түсті. Ауылдағықариялар да мұңға батты. Бүйте берсек, жер бетінен еркек кіндікті жоғалады дептопшылады. Ал, алыптардың келуі де, о дүниеге кетуі де таусылмады. Айдаһармазасын алған мынау тобырды сүйірдей тырнақтарына іліп алып:
– Сендер не, менен қорықпайсыңдар ма, әлде қорқыныштарыңдыжеңіп келулеріңе себеп болған күш бар ма?
– «Махаббат», – деді жамырап.
– «Махаббат», ол не тағы?
– Ол Ләйлә деген жер бетіндегі ең сұлу ару.
– Ха-ха-ха-ха, «Ләйлә» дейді. Олай болса, міне сендергемахаббат! – деп аузынан қып-қызыл жалынды төгіп жіберді. Жерде тек қап-қара күлғана қалған еді. Айдаһар сұлулық патшайымын көруге ынтығып әрі өлтіруге асықты.Айдаһар: «маған барша еркектерді қарсы қоятын қандай қатын ол» деп ойлады. Олтау-орманның төбесінен ұшып өтіп, ауылға кеп қонды. Жұрт жапа-тармағай қашажөнелді. Қатындардың у-шуы, иттердің үруі, жылаған, ойбайлаған дауыстар.Айдаһар бар қаһарын төгіп ашулана халыққа көз тастады. Демалып тынысын қайташығарғанда аяғының астындағы қарағай өртке оранып жатты. Ол жаңғырған жуандаусымен:
– Ләйлә қайда? – деді. Жұрт үрейінен әлі айыға алмаған соң,Айдаһар:
– Егер айтпасаңдар бәрің ажал құшасыңдар, – деді. Алыстансыңғырлап шыққан нәзік, батыл дауыс:
– Мен Ләйләмін, – деп киіз үйден шығып келе жатқан Ләйләніңқарасы көрінді.
Ашуланған айдаһар өлтіруге бекініп, бір-екі қадам аттайберді. Басқан ізінен үңірейіп шұңқыр қалды. Ләйләның тапжылмай тұрғанбатылдығына қарап отты көзін тастады. Айдаһар Ләйләның басынан аяғына дейінкөзімен шолып шықты. Тұмсығын Ләйләның жүзіне апарды. Қос көзімен Ләйләныңжанарына тесіле ұзақ қарады. Ләйлә қорықса да білдірмеуге тырысып бақты.Айдаһардың көзінде өшпенділік, надандықшоқтары шашырап тұр. Сескене түскен Ләйлә бір қадам артқа шегіне бергенде,аңырап қалды. Айдаһар көзі бірден өзгеріп сала берді. Әлгі шоқтар, оттаржоғалып, бір ерекше мейірім, сағыныш, махаббат мөлдіреп тұрды. О, тоба!Таңғалған Ләйлә жәутеңдеп, қос көзіне қарай берді. Айдаһардың бұндай көзін текЛәйлә ғана көрді. Айдаһар Ләйлаға ұзақ қараған соң, басын көтеріп:
– Сен менімен үңгірге кетесің, мендік боласың – деді. Бұныестіген жұрт ойбайлап, зар қақсай бастады. Ләйлә:
– Бір ұсынысым бар, – деді. Айдаһар:
– Айт, – деді.
– Менің халқыма және жалпы адамзатқа қол ұшыңды тигізбейсіңешкімді өлтірмейсің, сонда сендік боламын, – деді. Айдаһар:
– Келістім, – деді де, қолына аруды алып, тауға қарай ұшажөнелді. Осындай
батыл қадамға барған Ләйлә өзін құрбан етіп, күллі адамзаттықұтқарып қалды. Жұрт неше-түрлі қауесет таратты, би-шешендер Ләйләныңбатылдығына таң қалысып, алайда олар болашққа ұзақ қарап топшылады. «Ләйләныңсұлулығы 20-30 жыл көп болса, кәртигенсоң, оны айдаһар керек те етпес. Жап-жас қалпында қалса да, бір күні ажалқұшады, сонда халықтың күні не болмақ? Айдаһар өз әуеніне қайта көшіп, халықтыңқанын судай ағызбай ма? 40-50 жыл бейбітшілік, ал одан кейін ше? Айдаһардытоқтататын батырдың болмағаны ма? Жер бетіндегі бірде-бір ана айдаһардың көзінжоятын жаужүрек тумағаны ма?» деп қариялар іңірде мұңға батып отырды.
Халық көптен күткен батыр бар еді. Ол алыс сапарданАйдаһардың көзін жойып, өзінің махаббатына Ләйләсына келе жатты...» Қап…қап… әттең, қызық жеріне келгенде жетпіс шақты беті үшті-күйлі жоқ. ҚайранЛәйлә! Күнің не болар екен… Амал жоқ, соңғы бір бетті оқыдым. Ол бір ғанаабзацтан тұрды. «Ләйлә өзінің Айдаһарымен қимай қоштасты да, өз жерінде, өзмекенінде мәңгілікке қалды.» Тоқта,ертегі деген жақсы аяқталуы керек еді ғой… Бұл қалай болғаны. Сонда Ләйлә даайдаһарға ғащық бола ма? Түсінсем бұйырмасын...
Сансыз сұрақтарға көміліп жатып ұйықтап кетіппін. Оянсамтереземнен
күннің сап-сары шашы төгіліп, мойныма оралып қалыпты. Кітапоқыған қалпымда ұйқыға қауышыппын. Жұмбақ кітапқа қарап, бұны қалай да табуымкерек дедім. Бәрі қалай? Не болғаны, қандай батыр келгені, Ләйләның кімдісүйгені көкейімді тесіп барады. Орнымнан атып тұрып, қарным ашқанына дақарамай, бірден кітапханаға бардым. Ақтармаған кітабым жоқ, кітапхананыңғаламторынан да іздедім. Таба алмадым. Бұл не баспасы, не авторы, не бас-аяғыжоқ қандай кітап өзі? Таба алмай, біраз сандалған соң, қарын ашып, жұмысқакелдім. Баяншы шал әлдеқашан баянын боздатып отыр. Балуан Шолақтың «Ғалиясын»әуелетіп отыр. Пах, шіркін-ай, махаббат, махаббат! Адамды не істетпеген ол. Менөзімді де басқаша күйде сезініп тұрмын. Бір жағынан кітапқа басым қатса, тағыбір жағынан ғашық болған секілдімін. Ләйлә ойымнан кетпейді. Қайта-қайта оныкөз алдыма елестететіп жымия беремін. «Еееей, сорлы басым-ай, мұнымды жұртбілмесін, білсе жын тиген дер. Қашан көріп едің адамның кітап ішіндегікейіпкерге, ертегідегі ханшайымға ғашық болғанын. Жұрт не десе, о десін! Менсаған, Ләйлә, ғашықпын! Саған қалай да қолымды жеткіземін, гүлім, шафраным,сиренім!» Аузымнан бұл сөз қалай шыққанын аңғармай да қалдым. Чемоданымды ашып,әдеттегі парақтарымды ақтара бастадым. Бұл жолы «Ләйлә» жайлы оқығым келді.Кімнің Ләйләсы болсын, әйтеуір Ләйлә болса болғаны. Қолыма Жұматайдың «Ләйләсі»түсті. Жарықтық, қайран ақын! Ақынның жанын ақын түсінеді ғой! Сен Ләйләңды үшақ рет көріпсің, ал мен еш көрмедім. Жұматай, қалай дөп басқансың жүрегімніңқылын! «О, Ләйлә, егер болмасаң өзің өмірде...» иә, ол өмірде жоқ, ол кітапта.Кім біледі мүмкін бәріміз адам емес, кітап шығармыз. Мынау үйлер – сөрелер,біздер – тізілген кітап шығармыз. Ақындар – өлең, жазушылар – проза, ғалымдар –ғылым, дәрігерлер – ем дәрі, мұғалімдер – оқулық, милиция – детектив жанрындағыкітаптар шығар… Кәрілер ескі кітап болар, шаң басқан парақтары жыртылған,мыжылған. Қайыршылар болса, менің кешегі тапқан кітабым шығар. Не басы, не соңыжоқ, жұмбақ ғұмыр… Өмір – кітапхана шығар. Иә, бәріміз алып кітапханадағыкітаптармыз… Оқылып, оқылып тасталамыз… Менің ойымды Баяншы шал бөліпжіберді:
– Қош келдің, ақын! Бүгін кешіктің ғой, ауырып қалмадың ба?
– Жоға, ата! Түнімен кітап оқыдым.
– Ааа, онда дұрыс болған екен! Ендеше, оқыған кітабыңды айтып бер кәні!
– Ол өте жұмбақ кітап, оны кеше мен..., – деп кітаптытапқанымнан, алған әсеріме дейін бөлістім.
– Мынау кітабың расында да қызық екен, тауып, түгелдей оқы,сосын маған
айтып бер, – деді де, баянын шырқата әкетті. Мен аз-маз тиын-тебенімдіалып, Евгений әкем мен Марина шешеме су, нан алып келдім. Олардыңхәл-ахуалын білген соң, кітабыммен, Ләйләммен қауышуға асықтым. Білтелі шамымдыжақтым да, кітапты тағы оқып шықтым. Күндегі әдетім осы болды. Бір апта күнсайын осы кітапты оқумен болдым. Басқа ешбір кітаптың бетін ашпадым. Жалғызғана Ләйлә үшін… Тек сол үшін...
Күндер, түндер, уақыттар менің бір тілі жоқ қоқыстан тапқанқабырғадағы қара сағатымда өтіп жатты. Менің ес-түсімді, ойымды, жүрегімді орапалған Ләйлаға деген сағыныш еді… Мен оны күндіз де, түнде де оқыдым. Бесқабатты үйдің шатырына шығып-ап, іңірді қарсы алам. Тағы да бір күнмен, тағы дабір ғұмырмен қоштасам. Ләйләның образын ойлап қиялға батамын. Ол мені кітапәлемінен шақыратын секілді. Жан даусы шыға айғайлап, «Шәріп, мені айдаһарданқұтқаршы, мені кітаптағы әлемнен әкетші, өмірді көрсетші» дейтіндей. Айдаһарданбейшара махаббатым шошып жатқан болар. Ләйлә, не деген алыста едің, екеуміздіңарамызды ғасырлар, аңыздар, шындықтар бөліп тұр. Сен менің қолымдасың, сенкітап ішіндесің, қапастасың. Кітапты көкірегіме қайта-қайта құшақтаған сайынсенің әлсіз жүрегіңнің соғуы, ыстық құшағың маған сезіледі. Мына кітап ішенекіре алсам ғой, сосын сені әкете алсам-шы, құтқара алсам-шы… Авторы кім бұлкітаптың? Жер бетінде жалғыз ғана данасы бар қандай, қайдан келген әпсанабұл?.. Шатырдың төбесін кептерлер үймелеп алыпты. Төбемнен қарғалар ұшыпбарады. Санам санға, ойым онға бөлініп, көкейім тілініп кетті. Қызарғанкөкжиекке қарап ұзақ отырдым. Санама бір ой сақ ете қалды… Бір пердетүрілгендей, бір есік ашылғандай, бір кілт табылғандай болды. Ақыры бұлкітаптың жоқтаушысы, не басы, не аяғы болмаса, неге маған аяқтамасқа?Толықтырып жазсам ешкім ештеңе дей қоймас. Кітап ішіне тағы бір кейіпкер болыпбарсам, кітап ішіне енсем, Ләйләмді құтқарсам, оны әкетсем… Осы әлемгеәкелсем, бірге отбасы болып өмір сүрсек неткен тамаша, неткен ғажап болар еді!Осы ойыма өзім таңғалып жертөлеге асықтым. Майшамды жағып, кітапты қолымаалдым, бір көз жүгіртіп шықтым. Сөйттім де, терең ой түбіне сүңгіп кеттім. Ақпарақтарды алдыма жинап қойдым. Қалам деген кілтті қолыма алдым да, аппақпарақтың құлпын аша бастадым. Мен қаламнан төгіліп, сия боп бара жаттым… Әріпболып бара жаттым. Кітап ішіне еніп кеттім… Ертегі әлемінің қақпасының алдынакеліп, есігін айқара ашып жібердім...
Автор мен кейіпкер арасындағы махаббат Шәріптің үлкенқұрбандыққа
баруына жол ашты...
… Шәріп қалқиған құлағымен, кем аяғымен, жаралы жүрегімен
пәниден ертегіге, өмірден кітапқа келе жатты… Ол өзініңсапарының немен басталып, немен аяқталатынын да білмеді. Тәуекел етіп,Ләйләсына ұлы махаббатымен құшақ ашып келеді. Көкшетаудың майда, салқын самалы,жібек желі оның қауғадай шашын сипап өтті. Күннің ып-ыстық ерні кең маңдайынанөбіп келе жатты. Бурабай белдеріне жетіп, сол маңда бір ауылға әзер дегендеілінген еді. Оны алыстан көрген халайық ләм-мим деген жоқ. Олардың ойынша күндеәлемнің түкпір-түкпірінен ағылып келіп жатқан батырлардың бірі шығар дептопшылады. Олар қателеспеген еді. Бірақ, олар бұның қай әлемнен келе жатқанынеш сезбеген-тін. Аяғы талған Шәріп алғашқы кездескен киіз үйдің есігінен аттайберіп:
– Амансыздар ма? Менің есімім Шәріп болады, құдайы қонақпын,– деді.
Төрде отырған басында қалпағы бар ақсақал:
– Кел, төрлет балам! Қайдан жүрсің? Не шаруа? Білсем де, өзаузыңнан
естігенді жөн көріп тұрмын.
– Жетісудан келдім. Айдаһардың көзін жойып, ертегі әлемінқұтқарып қалсам
деп едім.
– Қо-о-о-ош… Біздің әлеміміз рас, қауіпте. Қаншамабатырларымыздан айрылдық.
Айдаһардың көзін жоймасақ, ертегі әлеміне ақырзаман төніпкеледі. Сені бұндай көзсіз ерлікке сүйреген нендей күш?
Шәріп «Махаббат» дегісі келді де...
– Жастық жалын, – дей салды.
– Құп, бұның жөн екен. Сапарға қашан аттанасың?
– Дәл қазір...
– Ендеше, ас ішіп сәл тынығып ал, Айдаһар ешқайда қашпайды.Бастысы, оның әлсіз жерін тап. Осында келген небір баһадүрлерге айтқаным да осысөз. Айдаһардың әлсіз тұсын таппай оны жеңу мүмкін емес...
– Жақсы, – деп Шәріп еттен жеп, қымыздан ішіп, жүрек жалғапалды. Шайқасқа
аттанарында ақсақалқолын жайып бата берді және оюлы қында семсер сыйлады. Шәріп Қаратаудыңүңгіріне бет алып кетті...
Ол аспанға, жерге қарап келеді. Көкейінде сансыз ой…Ертегі әлемінің, кітап ішінің өмірден, пәниден ешқандай айырмашылығы жоқсекілді. Әрине, бұл ертегі әлемінің көне ғасыры… Біздің ғасырдан ертегі еліәлдеқайда артта екен. Оның есіне ақсақалдың сөзі оралды. Айдаһардың әлсізтұсы… Мен оны әлдеқашан тапқам… Бұл жерге келмей тұрып… Кітапты оқыпотырғанымда-ақ. Айдаһар екеуміз қатты ұқсаймыз, тіпті егізбіз. Ол да, мен дехалықтан жырақта тұрамыз. Ол – үңгірде, мен – подвалда. Ол да жалғыз, мен де.Ол да, мен де Ләйләға ғашықпыз. Оның да, менің де әлсіз тұсымыз – Ләйлә депкеудемді ұстадым. Атын атаған сайын жүрегім қаттырақ соғады. Міне, біздің әлсізтұсымыз осы, «Ләйләның үйі» деп жүрегімді ұстай бердім. Ендігісі айдаһардыңжүрегін тауып, суырып алу… Сонымен бәрі де бітеді… Ләйлә маған тұрмысқашығып, екеуміз ертегі елінен Пәниге-Өмірге кетеміз. Жаным, Ләйлә, саған кележатырмын. Асылым, жақұтым, сен үшін барша құрбандыққа әзірмін, күт мені!
Мен тауға көтеріліп үңгірдің алдына жеткенім осы еді.Төбемнен шұрқырап бірнәрселер ұшып өтті. «Айдаһар» деп ойлаған едім. Сөйтсемжарқанаттар екен. Тынысымды терең алып, пыссымылдамды айтып, үңгір ішіне,қап-қара түнекке ене бердім. Қараңғыға көзім үйреніп кетті. Айналам ала көлеңкебола бастады. Қадамымды мұқият, дыбыссыз басып келемін. Шәй қайнатым уақытжүрген шығармын. Үңгірдің түп жағынан салпыншақтың дыбысы сыңғыр-сыңғыр етеді…О-о-о-о, мынау Ләйләның сырғасы ғой… және жаныңды әлдебір әлемге жетелейтінбір әуен естіледі. Пах-пах! Мынау Ләйләның үні ғой! Не деген дауыс, ап-ашықкөмей. Мәреге жетіп қалғанымды сезіп келемін. Жолдың құзында тұрғанымдыЛәйләның шолпысынан шашыраған сәуледен байқадым. Кезінде бұл жерде бір патшалықөмір сүрген іспетті. Төменге түсудің амалын іздедім. Белімдегі арқанды қостастың ортасына байладым да, төменге сырғи бердім. Сонымен үнімді шығармай түсебердім. Бұл жерге түскен адамның арқаны болмаса, түсіп-шығуы мүмкін емес…Төменге түсіп, қабырғадағы тасқа сүйеніп тұрдым. Бұрышындағы тесікке басымдысұғып қарасам, айдаһар ұзыннан ұзын сансыз адамның бас сүйегіне жатып алған.Бір дәу тастың үстінде Ләйлә ән айтып отыр… Мүмкін емес… Менің қиялымдағыЛәйләның дәл өзі, нақ өзі. Ғажап, қандай сұлулық, неткен нәзіктік… Жанарындамөлдір мұң менмұндалап тұр… Кірпігінен бір жап-жарық сәуле етегіне тамыптүсті. Ән тынды. Үңгірді бір қорқынышты алып дауыс алып кетті...
– Ләйлә, тағы, тағы да айт, – деді.
– Айдаһар, менің тамағым ауырып кетті, шаршадым...
– Тағы айт деймін, 2 ғасыр болды ұйықтамағалы. Дәл сенсекілді Дариға атты сұлуға 2 ғасыр бұрын ғашық болғанмын. Оның осындай әуезінекөзім ілініп, 50 жыл ұйықтадым. Оянсам, алдымда бір кәрі кемпір отыр екен. ОданДариғам қайда деп ақырып едім, жүрегі жарылып кетті. Дариғаны содан бері көргенде, естіген де емеспін… Сен менің тыныштығым болдың, Ләйлә. Сен жанымдаболсаң, жүрегім тыныш. Енді еш алаңсыз ұйықтай берсем болады. Шырқашы тағы,Ләйләм менің...
Ләйлә тағы бір әсем әуенді еріксіз шырқады. Түн батқанша айдаһардың ұйықтағанын күтіпотырдым. Бір кезде айналаны үлкен қорыл көтеріп әкетті. Жер сілкініп жатқандай.Ләйлә әлгі алып тастың үстінде тапжылмай әлі отыр. Айналасына қорқынышпенқарайды. Қасында бір қаңқа сүйек жатыр. Мен оның Дариғаның сүйегі екенінбілдім. Ләйлә 50 жылдан соң дәл осындай болмай тұрғанда тез әкетейін депойладым. Асықпай айдаһардың құйрығының артымен Ләйләға жақындап келдім. Ләйләмені көріп шошып кетті. Мен «тс-с-с» деп едім, басын изеді. Махаббатым отырғантасқа қарай жақындай бердім. Айдаһардың бөтен иісті тез сезетінін кітаптаноқығанмын, ал мынауың маубас екен, қорылдап жата берді. Түрі өте сұсты.Өмірімде айдаһарды бірінші көруім… Қол-аяғым дірілдеп Ләйләма әзер жеттім.Оған жете бергенімде жанары жанарыма түсіп кетті. Бір-бірімізді мың жылдан берітанитындаймыз. Ол мені білетін секілді, сүйетін секілді… Қолымды созабергенімде құшағыма секіріп түсті… Көзінен көзімді алмастан оны көтеріп алдымда арқанмен жоғары өрлей бердім. Мен оған ләм-мим дей алмадым. Ол да үндемеді.Тек көзбен ұғыстық, көзбен сөйлестік… Сабылып, сарылып, сағынып, әйтеуірЛәйләма жеттім-ау! Астымызда қалың ұйқыда Ләйләсын түсінде көріп айдаһарқалды...
Біз үңгірден шыққанда түн қараңғы еді. Төбемізденмиллиондаған жұлдыздардың жанары бізге жымыңдап тұр. Ай өзінің сансыз ғасырданбергі ағарған шашын жайып жіберген. Айнала ғажап… Лептің салқын алақаныЛәйләның әсем жүзін сипап өтеді… Толқынды сүмбіл шашы тобығына төгілген.Алдыңғы кекілі желмен тербеліп тұр… Жанарының іші маған қарап үнсіз сыршертеді. Мен оған ұзақ қарадым. Осы сәт, осы минут бітпесе-ші деп тіледім.Шіркін-ай, Ләйләм-ау! Мен өзіңе ғасыр бойы қарап тұрар едім. Жанарың неткентерең, тұңғиық!.. Тостағанынан қарашығы теңізге батып бара жатқан Күн секілдікөрінді. Жүрегім өрекпіп, демім қысылып шықты. Ләйлә үнсіздікті өзінің құсүнімен бұзып жіберді:
– Мен сізді көп күттім, даусыңызды қайда жүрсем де естіпжүрдім… Мен сізді сағындым, – деді. Мен аң-таң боп аңтарылып қалдым.
– Сен мені, қалқам-ау, білетін бе едің?
– Иә, сіздің дауысыңыз жүрегімді жарып жіберердей жаңғырыпестіледі...
Сіздің мен үшін келгеніңізді де білемін. Мен өзімнің кітапішіндегі ертегіде өмір сүріп жатқанымды да білемін… Сіз бәрін қиып, бәрінтастап мен үшін келдіңіз, о менің батырым, баһадүрім.
– Сиренім, гүлім, сенің мынау сөзіңнен кейін мың айдаһардыңбасын алуға
дайынмын… Мен әр еркектің бір әйелі, теңі барынбілетінмін. Бірақ қаншама
Мәжнүндер өз Ләйләсын таба алмай, тапса да қосыла алмай жүр.Менің Ләйләм өмірде емес, ертегіде екенін кім біліпті. Мен сені өз әлемімеәкетуге келдім, гүлім, гүлзарым...
– Сенің келетініңді, мені сүйетініңді сезгенмін, күткенмін,бірақ, сен туралы,
сенің сол басқа әлемің, өмірің, пәни туралы ештемебілмеймін...
– Ләйлә, менің атым Шәріп, мен бай да, хан да, бекзат таемеспін. Менің әлемім сенікінен әлдеқайда қорқынышты, білмегенің абзал. Менжетіммін, ақынмын және қайыршымын. Жүрегімде саған деген махаббат, қолымдапарақтарым, өлеңдерім бар. Одан өзге ештемем жоқ. Сен секілді ханшайымға бұданбасқа сыйлар, берер түгім жоқ.
– Маған бұдан артық ешетеңенің керегі де жоқ. Сеніңайдаһарды жеңетініңе
сенемін Шәріп, батырым… – деді. Тек, көзінде бір мұңжасырынып тұрды...
– Айдаһардың ең әлсіз тұсы – сенсің. Яғни айдаһарда да жүрекбар. Сені ол
жүрегімен сүйеді. Жүрегі қай жерінде екенін тауып, солжеріне қанжар сұқсақ болғаны, іс бітеді. Оның жүрегін байқамадың ба, қайжерінде соғатынын?
– Оның жүрегі оң қанатының дәл астында. Менімен сөйлескенде,сезімін
бөліскенде сол тұсынан барабанның үніндей дауыстар шығады.Және өте жылдам секундына 20 рет соғатын шығар...
– Ендеше, мен қазір айдаһардың көзін құртып келемін, — деп,қынабынан
қанжарды суырып, үңгірге бет ала беріп едім, Ләйлә маған:
– Тоқташы, – деді.Көзінде бір қимастық бар. Мен балқып кеттім. Ол сызыла
маған қарап:
– Айдаһар оянғанша 50 жыл бар, оған дейін өлтіріпүлгересің… Жүр, мен саған
өз әлемімді көрсетемін, — деді. Мен қарсы бола алмадым.Соңынан ере жөнелдім.
Уақыт зымырап өтіп жатты… Ләйлә екеуміз бір ай бойы ертегіәлемін шарлап келеміз. Мен өмірімде бұлай бақытты болып көрмеген шығармын.Маған бәрі тамаша, бәрі ғажап көрінді… Неге ертегі әлемінде туылмадым, негекітап ішіндегі кейіпкер болмадым, неге әріп болмадым деп өз-өзімді іштей жепкелемін. Мен Ләйләға жазған ғазалдарымды оқи бердім. Оған қараған сайын шабытымкеледі. Ғұмыр бақи жүзіне қарап өлең жазсаң да жалықпассың… Бұл әлемде құста, ағаш та, жел де, көбелек, не бардың бәрі адамның тілінде сөйлейді. Бәрінеортақ тіл біреу ғана – сезім… Ақын үшін шабыттың қойнауы осы әлемдеекен-ау… Алматының ақындарын осы мекенге әкелер ме едім, шіркін! Ләйлә мағанқолының ұшын да тигізбеді… Тек жанарымен ұяла қарайды әрі қымсынады…Көктегі құстар ағаш үстінде ән айтып отырғанда Ләйләның қолынан ұстап ұшқыңкеледі екен. Мен аспанға ұзақ қарап тұрған едім, Ләйлә ойымды оқып қойды-аудеймін:
– Уа, достарым, көбелектер, мында келіңдерші! – депәлдекімдерді шақырды.
Алыстан дауыстар жамырап естілді:
– Құп, ханшайым! – деді де, түйедей көбелектер қасымызғақонғанда, қынымнан семсерімді суыра бердім. Ләйлә маған қарап:
– Бұлар біздің досымыз, – деді. Мен түсіндім де, қыныма қылышымды қайта
салдым. Ләйла, көбелекке мінуімді ишара етті. Екеуміз екікөбелекке отырып едік. Көбелектер түрлі түсті қанатын қағып қалғанда жерденкөкке самғап кеттік. Орман, көлдің төбесінен қалықтап өттік. Мен өзімдікөбелектей сезіндім...
Жерге қонғанда алдымызға ағаштар жүгіріп келе жатты.Құдай-ау мынау сөйлейтін ағаштар ғой, олар:
– Ханзада мен ханшайым, қандай жеміс-жидек қалайды? — дедіде, жеміс
ағаштары бұтақтарын бізге қарай ұсына берді. Бірініңбұтақтарында алма, алмұрт, өрік, шабдалы, көптеген жемістер. Маған бір қарияөзінің бұтағымен бір қып-қызыл алманы ұсынды. Мен алманы алып қалтама салыпқойдым. Ләйлә маған ертегі әлеміне бірнеше ғасыр бұрын өмірден өте көп адамдаркелгенін және олардың мұнда қалмағанын жабырқап айтты… Менің көңіл-күйімді түсірмесүшін әңгімені басқа тақырыпқа ауыстырды. Ол мені ертіп гүлзарға апарды. Олмаңдағы неше түрлі көздің-жауын алатын гүлдер тербеліп, билеп тұрды. Ләйлә даосылардан аумайтын, арасындағы ләлә гүліндей еді. Бір уақытты көктен жаңбыртөге бастады. Жауын жауғанда роялдың үні естіледі. Неше түрлі симфонияларжүректі тебірентеді. Бір таңқалғаным, қайың ағашындағы жапырақтар өлең оқыпотырды… Өлеңдерін тыңдасам, ешбір адам бұлай жаза алмайтын шығар дедім…Есіме сақтап-ап өз атымнан жазсам ба деген жаман ой да келді. Бірақ, тез бұлойымнан айныдым. Ләйлә:
– Бұл әлемдегі жапырақтан да, гүлден де ақындар өте көп.Олар өлеңді күндіз-түні оқиды. Кейде сені сағынған шағымда осы жырлардыестігенді ұнататынмын. Бірақ, сенің жырларыңа жететін жыр естімеппін… Ләйләныңиығына бұлбұлдар қонып, бәрі хормен ән айтқанда еріксіз көзге жас аласың…Мұндай поэтикалық, ертегі әлемді білмей қаншама адам жүр десеңші… Өмір деген– ертегіде, кітапта екен ғой...
Бір кезде бір топ қарлығаштар ұшып келді де бізге қарап,суық хабар айтты:
– Сендердің ауылдарыңды айдаһар өртепжатыр. Ләйлә сені іздеп жүр, тез
жетпесең, бәрін қырып бітеді. Ешкімді аямайды..., – деп,қарлығаштар ұшып кетті. Көбелектер қасымызға келіп «отырыңдар» деді. Бізекеуміз көбелектерге отыра беріп едік, ағаштар да, құстар да, құмырысқалар да,гүлдер де «айдаһардың көзін жоямыз, бәріміз барамыз» деп әскер бола қалды.Нәзіктіктің батылдығы – ең ұлы ерлік екен. Мен мұны Ләйләдан сосын мынаугүлден, құстан, ағаштан, көбелектен ұқтым. Көбелек үстінде ұшып келе жатқанымыздаалыстан ауылдың алай-түлей қап-қара түтіні көрінді. Қара түтін аспанғакөтеріліп барып бұлт болып қалған. Ауылдың үстін алакөлеңке басып тұр. Үрейұялататындай айдаһар аузынан қаһарын төгіп қалықтап жүр. Мен қынабымнансемсерімді суырып шайқасқа дайындала бердім. Ләйләға қарасам өзі-өзін кінәлапжылап келеді:
– Мен бәріне кінәлымын, сіз үңгірдің алдында айдаһардыөлтіремін дегенде
сізді жібермеген мен едім. Халқым кешірші, мені! –деді. Мен өз-өзімді қолға алып, ақындықарыныммен, жүрегімнің жалынымен алға ұмтыла түстім. Күллі өмірім көз алдымнанзымырап өтіп бара жатты. Жетімдер үйі… надандықтар, төбелес, ұрлық-қорлық,мейірімсіздіктер, бәрі-бәрі менің ашуымды қоздыра түсті. «Күллі зұлымдық үшін,алға, алға, айдаһарға» деп ұрандадым. Менімен бірге нәзік тіршіліктің барлығы«Айдаһар, айдаһар» деп ұрандай түсті. Ауылға жеткенімізде, бізге отты көзінқадап нақ алдымызда айдаһар тұрды. Ләйләға қарап:
– Мен сені сүйген едім, сен үшін аш жатсамда үңгірденшықпаған едім, ал сен болсаң қашып кеттің мынау боқмұрынмен. Осы ма сеніңтаңдағаның? Бұл да менің табанымда тапталған миллиондаған қаңқаның бірі болыпқалады. Ләйлә, сен үшін бәрін тастаған едім, қиған едім жүрегімді. Өлердейсүйген едім. Енді бәрі кеш… Мені енді ештеңе тоқтата алмайды… Мейірімдіететін де – махаббат, жауыз ететін де –махаббат. Мен енді ешқашан махаббатқасенбеймін, сұлулыққа алданбаймын. Әлемді енді жауыздық қана билейді… Ертегіәлемі тек қана зұлымдық болады, – деп айдаһар бар дертін, ашуын аузынан ақтарыпалды да, артынан бізге жалынын шашты. Алдымызға өз өмірлерін құрбан етіпқарағай, терек, қайыңдар тұрып қалды да, өртке оранып кетті. Ләйләны сан мыңағаш, гүлдер, құстар қоршап алды. Мен көбелегіме солға бұрыл деп едім, оләміріме құлақ түріп солға бұрылды. Мені көрген айдаһар:
– Сен бе мені өлтірем деген, ей шыбын!,– деді.
– Оу, айдаһар, мен Шәріппін! Мен сен секілділердің талайынкөргем. Менің
әлемімде сендейлер жер бетінде кердең басып, шалқайып, санмыңы жүр. Алайда олар ұлы махаббатты, мейірімділікті жоя алған емес. Сен бірөзің мынау ертегі әлеміндегі махаббатты жоямын демексің бе?
– Бұл өмірде махаббат жоқ, мен сенгем, ал, енді ол қайда?Лә-ә-әйлә-ә-ә, – деп бар даусымен, айғайлап жіберді.
– Айдаһар екеуміз қатты ұқсаймыз. Мені де ешкім түсінбеген,мен де жалғыз
едім. Сонда да мен ғаділет жолынантайған емеспін.
– Ендеше сені ғарасат әлеміне жіберейін, сілімтік! – деп,қып-қызыл жалынды мағаншашып жіберді. Мен көбелегіме «төбеге» деп бұйырып едім. Ол төбеге ұша жөнелді.Сол сәтте көбелегімнің сол қанаты жалынға оранып қалды. Біз төменге құлайбердік. Дәл айдаһардың басына жете бергенде көбелектен айдаһардың маңдайынасекіріп түстім. Оның от көзі, менің шоқкөзіме қадалғанда кірпік қақпастан барлық зұлымдықты жек көрдім. Маңдайының төбесінен мойнына қарай жүгіребердім. Айдаһар аспанда, ары да, бері де айналып, отын шашады. Кенедей жабысыпалдым да, оң қанатынан қысып алдым. Ол біраз тыпыршыған кезде қанатының астынасемсерімді сұғып қалдым. Жүрегіне дөп тиіппін, ол жанұшыра айғайлады. Дауысыжер жарардай. Құламас үшін қанатынан қатты қысып ұстап алдым. Ол төменге құлайберді, құлай берді… Соңғы сөзі «Ләйлә» болды. Жерге омақасынан сұлады. Жанарынынашу мен кектің ұшқыны сөніп бара жатты да, бір тамшы от көзінен ытқып шықты…Мен айдаһардың үстінен енді түсе беріп едім ертегі әлемінің халықтары мағанқарап «Айдаһар, айдаһар, айдаһар» деп ұрандады. Содан бері менің есімімді бұлхалық Айдаһар атап кеткен еді. Ләйлә маған сан мың гүлдердің арасынан ең әдемігүл болып қарап тұрды. Жүзінде сансыз қуаныш, бақыттың, махаббатың нұры шашыраптұрды. Тек жанарынан мұңның бір ұшқынын байқап қалдым...
Айдаһардың ажалынан кейін отыз күн ойын, қырық күн той болды. Бірақ… мен басқа нәрсе күтіпжүр едім. Айдаһардың көзін кім жойса, соған Ләйлә тұрмысқа шығамын демеп пееді? Енді неге ешкім ләм-мим демейді. Ләйләда қашқақтап жүр. Ләйләны алғашкездестіргенімде де, бірге болған сәтте де, айдаһарды өлтіргенімде де, қазір деоның көзіндегі бір мұң кеткен емес, сөнген емес, мөлдіреп тұрады. Күндердіңкүнінде ызадан жарылардай болып, бейуақта Ләйләны сексен көлдің бірініңжағасына шақырып алдым. Ол келді… Менің не айтарымды сезіп тұрған секілді…Оны көре салысымен:
– Маған тұрмысқа шық! – дедім ызаланып.
– Шәріп, мен саған көптен айта алмайжүрген сөзім бар еді...
– Ештеңені естігім келмейді. Мағантиесің, сосын сені өз әлеміме әкетемін. Сол жақта өмір сүреміз. Болмаса мен осыжақта қаламын, — дедім.
– Шәріп… Шәріп… ол мүмкін емес...
– Қалай мүмкін емес… ашуыма тиме,керек болса қинап алып кетемін, сен үшін кімнің болсын көзін құртам. Мағанқайсысың кедергі бола аласың? – дедім. Ләйлә отты көзіме шошына қарады.
– Сіз айдаһар болып барасыз, Шәріп, – деп жылап жіберді. Оның көз жасынан жүрегімелжіреп, жібіп кетті.
– Ләйлә, сұлуым, түсінші мені! Сен үшін жер жаһанды шарлапкелгенімде сен маған «мүмкін емес...» дейсің. Мен махаббат, мейірім іздеп келіпедім, соны әрең тапқанымда қайта айырмақсың ба? Әлде мені «күттім, сүйем» дегенсөздерің өтірік пе? Әлде «қайыршы, жетім» деп, менсінбейсің бе?
– Тоқташы, Шәріп. Олай демеңізші… Сізге айтқан сөздерімніңбірі де жалған
емес… Саған деген махаббатым күшеймесе, азайған емес…Қара нан мен қара суды қанағат етер едім, тек қасымда болсаң… Бірақекеуміздің бірге болуымыз мүмкін емес. Себебі сіз пәниден келдіңіз, ал, бұләлем – кітап. Сіз өмірден келдіңіз, ал мынау – ертегі. Сіз – адамсыз! Ал мен –қиялмын. Сіз тірісіз, мен – әріппін, түсінші, мен бояумын, мен – сиямын. Менкітап ішіндегі жазу ғанамын. Біз бірге болуымыз мүмкін емес. Сізге бұны ертерекайтуым керек еді, батылым жетпеді. Сізге осында қал, бізбен өмір сүр, меніңкүйеуім бол дер едім, бірақ, ертегі бітті. Кітап соңына таяды. Сіз айдаһардыжеңіп, ертегі әлемін зұлымдықтан құтқарып қалдыңыз. Енді басқа ертегілер, басқаоқиғалар, басқа хикаялар болады. Есіңізде ме, сізге сіз сияқты талай батырларсіздің әлеміңізден келді деп ем ғой?
– Иә, – дедім,күрсініп.
– Олардың бәрі, осында өз ханшайымынтауып, қалғысы келген. Алайда ертегі аяқталған еді...
– Егер бәрі бұлай болатынын білгенде айдаһарды өлтірмеседім...
– Ендеше, кітап басқаша аяқталар еді, бірақ сіздің мұндақалуыңыз мүмкін
емес… Кешір мені, Шәріп. Айдаһарым, мен сені сүйгенмін,өлгенше сүйіп өтемін… Сіз авторсыз, мен кейіпкермін. Екеуміздің махаббатымыз– өлмейді. Жүрек атты кеудеңдегі кітапта сақта. Мен сонда боламын. Кез-келгенуақытта қасыңнан табылам. Қош бол, Айдаһарым! – деді де, Ләйләның жанарынынкөлге үш моншақ тамып түсті. Ол параққа тамған үш нүкте еді. Менің жан-жүрегімезіліп, амалсыз Ләйләммен қоштастым. Қоштасу не деген ауыр еді. Мен ертегігесенуші едім, ол рас, бар екен, бірақ, оның аяқталатынын ойламағаным нендейөкініш, қандай азап... Бір түсінгенімменің өмірім де – бір кітап, бұл да бір күні аяқталады...
Мен подвалда кітапты жазудыаяқтадым: «Ләйлә өзінің Айдаһарыменқимай қоштасты да, өз жерінде, өз мекенінде мәңгілікке қалды» деп соңғынүктесін қойдым. Кітапты сөредегі кітаптардың ең төбесіне қойып қойдым. Себебіішінде Ләйлә бар. Мен Ләйләға жазғанғазалдарымды қара чемоданға салып Саяхатқа, «жұмысыма» бара жаттым. Өмір-пәнимүлдем басқаша… Көктен жаңбыр төгіп кетті, жер асты төлесінің шатырында нешетүрлі музыка ойнап жатыр… Қайыршы шал бүгін жұмысқа шықпапты… Мен қарачемоданымды ашып, әдеттегідей өлең оқи бастадым… Ләйләға шығарғанөлеңдерімді… Екі-үш өлең оқып болғаннан соң чемоданыма ғазалдарымды салып,басым ауған жақа кете бердім… кете бердім… Алдымда не күтіп тұрғаныбелгісіз. Кез-келген жанның өз айдаһары бар: қорқынышы, үмітсіздігі, надандығы,жауыздығы, тас жүректігі… Және кез-келген жанның өз Ләйләсы бар: Иманы,махаббаты, мейірімі, төзімділігі, ерлігі… Мен өз айдаһарымды жеңуге һәмЛәйләмды табуға кетіп бара жатқан едім...