Нұрділда Ораз: Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында 700 адам митинг кезінде ұсталды
ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділда ОРАЗ Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы санкцияланбаған митингіге шығып, ұсталған адамдардың санына қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы Жас АЛАШ zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды."Алғашқы күні 500 адам болды, екінші күні 200-ге жуық адам, олардың 150-і жауапкершілікке тартылды",-деп мәлімдеді Нұрділда Ораз.Айтуынша, бұл Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары бойынша көрсетілген деректер.Ал, қалған қалалар жөнінде ақпаратты министрдің кеңесшісі тек жобалап қана жеткізді.«Бірінші күні 400-ге жуық адам жауапкершілікке тартылса, екінші күні 500-ге жуық адам жеткізілді, 150-ге жуық адам жауапкершілікке тартылған»,-деп хабарлады Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділда Ораз.
Айта кетейік, сайлау күні Алматы қаласының өзінде митингіге шыққан 500 адамды полиция алып кетті деген хабар тараған. Осыған қатысты ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наразы топты диалогқа шақырған болатын. Сондай-ақ, Қазақстандағы әлеуметтік желілердің блокталуына қатысты пікір білдірген еді.