спорт

Нұрила Асанқызы самбодан әлем чемпионы атанды

Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан самбодан әлем чемпионатының соңғы күнінде жарыс бағдарламасына алғаш рет енген жауынгерлік самбодан әйелдер арасында Нұрила Асанқызы жеңімпаз атанды.

Нұрила Асанқызы

80 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз финалда Түркіменстан спортшысы Сабина Ағажанованы 7:4 есебімен ұтты.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстан самбодан әлем чемпионатында екінші алтынды жеңіп алды. 64 келі салмақта сынға түскен қазақстандық Есентай Имаханов финалда Өзбекстан спортшысын жеңді.

Т. РАУШАНҰЛЫ
Т. РАУШАНҰЛЫ Т. РАУШАНҰЛЫ

Оқыңыз