Михаил Шайдоров әлемдегі ең мықты мәнерлеп сырғанаушылардың үздік үштігіне көтерілді
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының жаңартылған әлемдік рейтингінде үздік үштіктен көрінді.
Олимпиада чемпионы 3918 ұпай жинап, рейтингтің үшінші сатысына жайғасты. Бұл нәтиже Шайдоровтың әлемдегі ең мықты мәнерлеп сырғанаушылардың қатарында екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Рейтинг көшін 4590 ұпаймен америкалық Илья Малинин бастап тұр. Екінші орында 4123 ұпай жинаған жапониялық Юма Кагияма орналасқан.
Осылайша, Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте Малинин мен Кагиямадан кейінгі үшінші орынға ие болды.