Нұрлан Мәсімовке үкім шықты
Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысына үкім шықты. Нұрлан Мәсімовтің мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыстық полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімов, оның орынбасары Дамир Сиразидимов пен кәсіпкер Евгений Евковичтің қылмыстық ісі бойынша сот аяқталды.
Нұрлан Мәсімовке аса ірі көлемде пара алды, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденді немесе талан-таражға салды, мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өтті деген айып тағылды.
«Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлы 4-бөлігінің 366-бабы, 2-тармағының 4-бөлігінің 189-бабы және 1-бөлігінің 392-бабы бойынша мүлкі тәркіленіп, кінәлі деп танылсын. Сондай-ақ екінші дәрежелі „Айбын“ орденінен және полиция генерал-майоры арнаулы атағынан айырылсын», -деді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.
Сот отырысының бірінде Нұрлан Мәсімов тек мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін ғана кінәсін мойындаса, басқа айыптаулардың барлығын негізсіз деп атады.
Бұл қылмыстық іске Нұрлан Мәсімовтің бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимов пен кәсіпкер Евгений Евкович те қатысты.
Сот Дамир Сиразидимовты 368-баптың 2-бөлігі және 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп тауып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Евгений Евкович 189-баптың 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Евкович пен Сиразидимов үкім жарияланған соң сот залында қамауға алынды.
Сот Павлодар облысы ІІД-нің 421,6 млн теңгені өндіру туралы азаматтық талап арызын сотталғандарды бірлескен тәртіпте келтірілген залалды өтеуді міндеттейтінін ішінара қанағаттандырды.
Еске салайық, 2022 жылдың қаңтарында Нұрлан Мәсімов Павлодар облысының полиция бастығы қызметінен босатылған болатын.
Өткен жылдың сәуір айында Нұрлан Мәсімовтің іздеуде жүргені белгілі болды. Кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оның жүрген жері туралы ақпарат бергендерге сыйақы жариялады. Шілде айында Ресеймен шекарада жалған құжатпен ұсталды.
49 жастағы Нұрлан Мәсімов Павлодар облысының департаментін 2019 жылдың қарашасынан бері басқарды.