Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:41, 16 Сәуір 2025

Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрлановтың рейдерлік ісі тергеліп жатыр

Нұржан Нұрланов пен Нұрлан Нығматулин
Фото: КазТАГ

Бұған дейін ақпарат құралдарында Алматы полициясының Нұржан Нұрлановқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы («Өз бетінше билік ету») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны хабарланған болатын.

 Бұл бап бойынша ең аз жаза – 80 АЕК (2025 жылы 314 560 теңге), ал ең жоғары жаза – 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Бас прокуратура өкілі Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, полицияға Нұрлановтың үстінен шағымдар түскен, алайда оның қазіргі уақыттағы нақты мәртебесі белгісіз. 

Ал, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің бұл істі «рейдерлік» фактісі бойынша тергеп жатқанын растады. ҚР Қылмыстық кодексінің 249-бабы («Рейдерлік») бойынша ең төменгі жаза – 5000 АЕК мөлшерінде айыппұл (19,6 млн теңге), ең жоғарысы – 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.

Осылайша, іс қайта саралануы мүмкін немесе тергеулер қатар жүргізуі мүмкін. ҚМА бұл бұл туралы нақты ақпарат бермеген.

Нұржан Нұрланов 1988 жылы 10 мамырда дүниеге келген. 2010 жылы Лондондағы American InterContinental университетін бизнес-әкімшілік мамандығы бойынша бітірген. 2014 жылы Уэльс университетінде магистратураны тәмамдаған.

Еңбек жолын 2011 жылы «KAZNEX INVEST» АҚ-да бастаған ол әр жылдары Қазақстан премьер-министрі кеңсесінде, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мен «ҚазТрансГаз» АҚ-та басшылық қызметтер атқарған. 2019-2022 жылдары «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бас директоры қызметін атқарды, сонымен қатар бірнеше ұлттық компаниялардың басқарма құрамында болған.

Нұржанның әкесі Нұрлан Нығматулин – Қазақстан парламенті Мәжілісінің бұрынғы төрағасы (2016-2022 жылдар аралығында). Қазір оның ағасы Арғын Нығматулин бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен іздеуде жүр