Нұрымбетов құрықталды ма?
Бүгін Еңбек жәнехалықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов еліміздегі төтеншежағдайға байланысты табысынан айырылғандарға берілуі тиіс 42 500теңгенің уақытылы қолға тимей жатқаны үшін халықтан кешірім сұрағаны белгілі.
Бұған қатысты БіржанНұрымбетов «сіздерден министр ретінде кешірім сұраймын, біз үлгермедік» депқобалжып, көңілсіз күйде баспасөз мәслихатын өткізген болатын.
Бұл ретте Біржан Нұрымбетовтың көңіл-күйінің болмауы елдегі жағдайға емес, Жамбылдағы ағасыТимуржан Нұрымбетовке қатысты болуы бек мүмкін.
Олай дейтініміз – бүгінтаңертең Жамбылда «министрдің туған ағасы, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспенқамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы ТимуржанБидайбекұлы Нұрымбетовты Тараз қаласындағы жұмыс орнынан мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұстап әкетті» деген ақпарат тарап кеткен болатын.
Айта кетейік,Тимуржан Нұрымбетовтың құрыққа ілінгені жайында құзырлы орындар әлі ресми мәліметайтпады.
Жалпы, мемлекеттік қызмет істері жәнесыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрықтарына ілінген басшыларжайындағы ақпаратты сарымайдай сақтап, кемі үш күн өткеннен кейін барып жариялапжүргенінен хабардармыз.
Ағалы-ініліНұрымбетовтер Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында туып-өскен.
Нұрболат ӘЛДИБЕК,
Жамбыл облысы