Әлеумет

Нығматулин Нұрсұлтанның кадрларын сынап тастады

Бүгін Парламент мәжілісінің жалпы отырысында «ҚазақстанРеспубликасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықмәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе қаралып, индустрияжәне инфрақұрылымдық даму министрі Роман СКЛЯР баяндама жасады.

Нығматулин Нұрсұлтанның кадрларын сынап тастады

Министрге сұрақ беру кезінде мәжіліс төрағасы НұрланНЫҒМАТУЛИН тұрғын үй басқарушыларына байланысты біраз сын айтты. Спикердіңайтуына қарағанда тұрғын үй саласындағы кадр мәселесін тәртіпке келтіру қажет.

Бүгінде үй басқарушысы немесе КСК төрағасы болып көбінесекешіріңіздер, өмірлік тәжірибесі мол, егде жастағы адамдар, зейнеткерліккешыққан, көбінесе ішкі істер саласында жұмыс істеген жандар, егер әйел адамболса жиналыста қаттырақ айқайлай алатын, қысқасы, осы саланы жақсы білмейтінжандар атқарады, — деді Н. Нығматулин. Бұған оларренжімесін… Бүгінгі талапқа сай үй басқарушының да арнайы мамандығы болуыкерек. Экономист, заңгер, инженер, әлеуметтік саланың қызметкері деген сияқты.Барлық елде осылай жасалады. Көппәтерлі үйлерді басқару бұл хобби емес. Бұлменеджерлік жұмыс. Бүгінгі үй басқарушысына қандай талаптар қойылады? Дәл осыныанықтау қажет. Ал, ол салада жұмыс істегендердің жағдайы тіптен жаман емес. Мысалы,«Қазақстандық тұрғын-үй мен коммуналдық шаруашылықты дамыту және жаңғыртуорталығы» туралы айтсақ… Бұл орталықтың міндетіне кадрларды іріктеу де кірсекерек. Бұл орталық 2009 жылы 100 пайыз мемлекеттің үлесімен құрылған. Штаттықкестесіне қарасаңыз, 97 қызметкер жұмыс істейді. Мұндай үлкен ұжым кез-келгенмемлекеттік мекемеде бола бермейді. Басқарма төрағасы және бірнеше орынбасарыбар. Басқарма төрағасының орынбасарларының саны премьер-министрдіңорынбасарларынан да көп. Сондай-ақ, қызметкерлердің жалақысы да таң қалдырады. Қараңыз,бірінші басшы 1 миллион теңге, қатардағы қызметкер 250 мың теңгеге дейін жалақыалады. Ал, қарапайым халық мұндай орталықтың бар-жоғын да жақсы білмейді. Міне,осындай көп қызметкері және осындай жоғары жалақысы бар мекеменің істегенжұмыстарының сиқы, осы… Бұл мекеме қайта халықпен тығыз жұмыс істеп, министрліккекөмектесуі керек емес пе?..

Мәжіліс төрағасының бұл сынына «Қазақстандық тұрғын-үймен коммуналдық шаруашылықты дамыту және жаңғырту орталығы» АҚ басқармасыныңтөрағасы Нұрсұлтан ЖИЕНБАЕВ қарсы ештеңе айта алмады, тек «толық келісемін» деп,басын изей берді.

Фото: bnews.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз