Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:15, 26 Қыркүйек 2024

Нью-Йоркте «Украинаны қалпына келтіру» туралы декларация қабылданды

а
Фото: factor.am

Нью-Йоркте «Үлкен жетілік» елдері, Еуропалық Одақ және басқа 30 ел «Украинаны қалпына келтіруге жәрдемдесу туралы бірлескен декларацияны» қабылдады.

Бұл декларацияда Украинаның одақтастары Украина экономикасын қолдау және оның соғыстан кейінгі қалпына келуіне көмектесу, соның ішінде Ресейдің тыйым салынған активтерінен түсетін түсімдер есебінен өтелетін несиелер арқылы өздерінің бұрыннан қабылдаған міндеттемелерін растайды.

«Ресейдің өзіне келтірілген залал үшін халықаралық құқық бойынша жауапкершілігі анық. Қолданыстағы барлық заңдар мен біздің құқықтық жүйелерімізге сәйкес Ресей агрессиясын тоқтатып, Украинаға келтірген шығынды өтемейінше, біздің юрисдикциялардағы Ресейдің егеменді активтері бұғатталған күйінде қалатынын растаймыз.

Біз уақыт Ресей жағында немесе Ресей Украинаны экономикалық тұрғыдан күйрету арқылы жеңеді деген жалған мәлімдемелерді жоққа шығарамыз. Ресейдің әскери агрессиясы Украинаның қалалары мен инфрақұрылымына орасан зор зиян келтірді. Бүгін біз оның салдарын еңсеру бойынша бірқатар міндеттемелерді бекітеміз», - деді декларацияға қатысушылар.

Бұл декларацияда Украина - өзінің батыстық одақтастары Украина мемлекеті үшін бірінші кезектегі маңызды деп санайтын экономикалық, сот, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және құқық қорғау реформаларын жүргізуге міндетті болады.

Декларация G7 елдері мен Украина басшыларының кездесуінде қабылданды және Украина президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, салтанатты шарада АҚШ президенті Джо Байден, Еурокомиссия басшысыУрсула фон дер Лейен және Ұлыбритания, Италия, Канада премьер-министрлері Кир Стармер, Джоржа Мелони және Джастин Трюдо сөз сөйледі.

Ал, АҚШ президенті  Джо Байден бейсенбіде «украин әскерлеріне көмекті жеделдету үшін бірқатар қадамдар» жариялайтынына уәде берді.