Облыс әкімдері бармайтын ауылдарға бару керек
Дариға Назарбаевадепутаттарға әкімдер ат басын бұра бермейтін шалғайдағы елді мекендерге барукеректігін айтты.
Бұл жөнінде ол Сенат бюросының отырысында мәлімдеді.
Отырыс барысында Сенаттөрағасы бюро мүшелеріне білім беру,денсаулық сақтау жүйелерін цифрландыру мен ауылдардағы интернет мәселелеріншешуді тапсырды. Дариға Назарбаеваның сөзінше, қазір аймақтар толыққандыинтернетпен қамтамасыз етілмеген. Сол себепті «Күнделік» электронды жүйесініңжұмысы шектелуде. Ал оның жұмыс істемеуі әкімдіктер мен жергілікті білімбасқармасына тиімді.
«Әрбір жекелеген жағдайдыңшешімін іздестіру керек. Әкімдіктер мен жергілікті білім басқармаларынаэлектронды күнделік неге тиімсіз? Өйткені ол барлық білім беру, тестілеу,сабаққа қатысу, сабақ өткізу жүйесін ашық көрсетеді. «Күнделік» барлықсабақтардың болатынын әлде қағазда ғана қалатынын анықтап береді. Бүгінгі күніэлектронды күнделік оқушылардың үлгерім деңгейін, мұғалімдердің өздерініңдайындығын – осының бәрін көрсетіп отыр. Бұл оларға тиімсіз», — деді Назарбаева.
Бұдан бөлек, Сенат төрағасы депутаттардың аймақтарға жасайтын сапарларынақысқаша тоқталды. Назарбаеваның айтуынша, депуттаттардың әкімдер сирек баратыншалғайдағы елді мекендерге барғаны жақсы. Осы арқылы депутаттар сайлаушылардыңарыз-шағымын, талап-тілегін бетпе-бет тыңдайды.
«Менің ойымша, аймақбасшылары сирек баратын ең шалғай елді мекендерде болған жақсы. Осы сапарларкезінде депутаттардың негізгі мақсаты сайлаушылардың аманаттарын жинау жәнеазаматтардың өзекті мәселелерін шешу болуы тиіс. Жаңа жылда Сенатта өңірлеркүндерін өткізуді жоспарлап отырмыз, ол ақпарат бізге өте қажет болады», — дедіНазарбаева.
Фото: eadaily.com