Саясат

Өле берсін күншілдер күйігінде...

Қос Мұхтар жөнінде жазайық деген ой жоқ еді. Амал нешік, жанымыздансуырып бір лепес айтуға мәжбүрміз.

Өле берсін күншілдер күйігінде...

Онда да қос  алыптың ілкідегі «сүзісуі»  емес. Өзге.

   Алдымен әлеуметтік желіге үңілейік. Мұнда кім отырмайды дейсіз...  Бұл жерде  бәрі «батыр», бәрі «даныпшпан», бәрі  ақылгөй,  дана. Осалы жоқ.  Әлемжелінің  бір құдіреті – қаншама диван «қайраткерлерін»,диван  «абыздарын» тудырғаны. «Бара  жатқанның балтасын,  келе жатқанның  кетпенін» жұлып кететіндер  де, «ұзыннан өшін алып, қысқадан кегін»  қайтарғысыкелетіндер де  осында. Қаралау мендаттаудың, орынсыз  сынап-мінеудің, ақты  қара етудің, қыранды  қарға етіп,  қарғаны қыран етудіңде  мекені  – осы әлеуметтік желі. Құдды Қособа. Басқаны  қайдам, қазақы  орта  отыратын әлемжелінің бүгінгі  тірлігі осы.

  «Еріккен  сарт қайсыбір жерінуқалайды»  деуші еді, әлеуметтік  желіде отырған жұрт  ерікті  ме, әлде пейілі  өзгерді  ме, көзге  көрінгеннің бәрін  даттап, қаралауды  меже етіп алғандай. Олардың  дегеніне құлақ салсаң,  кешегісі бар,  бүгінгі ортамызда  жүргені бар (елдің алдында  жүрген азаматтарды айтып отырмын) – бәрі қуыскеуде, шөпкетышарлар.  Іліп алар  біреуі жоқ. Әсіресе  кешегі 90-жылдарға  дейін қазақы қоғам пір тұтқан, көкке  көтерген, қошеметін аямаған  алыптардың тірліктерін терістеу, оларға  жөнсіз соқтығу,  кеше ел  құрметтеген азаматтарды  бүгінгі ұрпаққа  қадірсіз етіп көрсету – бәрі  осы әлеуметтік желіде  болып жатыр. Әңгімеміздің әлқиссасында тілге  тиек еткен қос Мұхтарды(Мағауин  мен Шаханов)  жөнсіз күстаналау да  осы желі бетінде  әлсін-әлсін дүңк-дүңк  ете қалады.  Қазақтың қос Мұхтары осыған лайық  паеді? 

   «Мағауин  көзі  жоқ ана бір ақын жөнінде  жойдасыз сөзайтыпты,  мына бір қаламгер  жайында бүй депті» деген  секілдібұралқы  әңгіме көп. ҚайсыбіреулерМағауиннің жазбаларындағы  өз  тұстастары жайлы айтқан  жерлерін шолтитып кесіп алып,  әлеуметтік желіге  тастай  салады. Мақсат  белгілі. Мағауинді  «көзі жоқтардың   соңынан әңгіме айтыпжүр» деп  қаралау. Жаман атты қылу.  Өйткені не  басы, не  аяғы жоқ жазбаны оқып,  дұрыс түсінбеген  жұрт «е, Мағауин   оңбаған екен  ғой» дері анық. Өлгенді  жамандыққа  қимайтын қазақ  үшін бақилыққа аттанғандаржөнінде  сөз саптаған Мағауин осылайша жаманатты  болып шыға келеді.

   Сол  секілді Шахановтыкүстаналағандар да бар. Оның ақындығын да, қайраткерлігін де жоқ еткісікелетіндер жетерлік. Шахановтың  кейдекөңіл күйіне  қарай  аңдаусызда аузынан  шығып кеткен сөздерін   қағып алып, өңін айналдырып,  елге жағымсыз адам ретінде көрсеткісі келетіндер қаншама? «Сол Шаханов Республика сарайында поэзия кешін өткізетінболса, егер сарайға 3000 адам сыяды десек, ол кісіге 4000 адам баруы мүмкін. Алқалған қазақтың 20 ақыны бірігіп кеш жасайтын болса, оған 500-ақ адам баруымүмкін. Бірақ Шахановтың кешіне баратын 3000 адамның барлығы бірдей шын поэзияны,биік поэзияны түсініп бара ма? Жоқ, олай емес. Мен Шахановтың оқырманыныңбарлығы бірдей сапалы деп ойламаймын. Біздің әдебиетке жасайтын обалымыз осында»,– дейді  бір  жазбасында белгілі  ақын Есенғали  Раушанов. Бұл  жерде  әдебиетке қаншалықты обал жасалып жатқанын  қайдам, әйтеуір,Шахановты  бір  түртіп кетудің амалы екені көрініп тұр.  Бәлкім, қызғаныш, бәлкім, көреалмаушылық. Бірақ Раушанов  дұрыс айтады. Шахановтың кез келген жыр кешіаншлагпен  өтеді. Өйткені оның өлеңдері,балладалары халыққа  жақын, түсінікті,қарпайым.  Ал интеллектуалмыз деп,күрделі  бірдеңе  жазып, ол жазғанын халық тұрмақ,  өздерітүсінбей жүрген  шайырсымақтар қаншама?Оларды  халық  қайтсін. Жә, айтқымыз келгені біреумен бетжыртысып, айтысып-тартысу емес. Халық арасында мойындалып, жұртқа қал-қадерінше  еңбек еткен, ұлттың мүддесі  үшін қарекетжасаған  арда азаматтарды  босқа ғайбаттамау керегі жөнінде рәуіш.  

     Мағауин жыраулар тарихын үш ғасырарыға жылжытқан  тұлға. Мұқым академияжасай алмаған жұмысты 26  жасында  Мағауин жасады. Басқа еңбегін  кері ысырып қойып, осыны айтсақ та  жетеді. Исі қазақтың арғы-бергі тарихынақтарды. «Аласапыран»  бастаған  ұлы дүниелерді  өмірге әкелді. Тіпті ұлы  қаған Шыңғыс ханға арнап төрт  том жазды. Ал  қазақтың  маңдайына біткен осындай ірі жазушыны әлеуметтік желіде  отырып алып  кім көрінгеннің  сынап-мінеуіне жол  беруге бола  ма?  Ол соған  лайық  па? Жоқ.

   Сол секілді Шаханов та  кемсітугетұратындардың  қатарынан  ба? Жоқ. Оның ақындығын  былай қойғанда, ұлт  үшін  арпалысқа толы  тірлігін  қалай жоққа  шығаруға  болады? Дәл Шахановтай халық  үшін отқа күйіп,  суға түскендер  сирек. Сондықтан барымызды табалауға емес,бағалауға асық болайық.  

   Кім не десе де, қос Мұхтар да өз  биігіне  көтерілгендер. Оларды  аласарту мүмкін емес. «Өле берсін күншілдеркүйігінде, Өз ғасырым өзімнің иінімде. Ақ жаңбырлар  тоздырған  тау сияқты,  Мен  өлемін өзімнің биігімде» деп Төлеген айтпақшы, қос Мұхтар да өздері көтерілгенбиікте  мәңгіге  қалатын тұлғалар.  Оны ешкім жоққа  шығара алмас.  Айтқымыз келгені  осы еді.

Күлтегін БЕК, 

«Жас Алаш»

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз