Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:07, 08 Тамыз 2024

Олимпиаданың он екінші жарыс күнінде Қазақстан екі күміс медаль алды

у
Фото: gov.kz

Париж Олимпиадасының 7 тамыз, он екінші жарыс күнінің нәтижесі жарияланды. 

Бұл күні Қазақстан қоржынына 2 күміс медаль түсті. 

Грек-рим күресі: Демеу Жадыраев (77 кг) Париж Олимпиадасының финалында жапониялық палуан Нао Кусакаға есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.
Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) ширек финалда Рио Олимпиадасының күміс, Токио Олимпиадасының чемпионы Жан Беленюктен (Украина) жеңіліп қалды.

Бокс: Нұрбек Оралбай (80 кг) Париж Олимпиадасының финалында Александр Хижнякқа (Украина) есе жіберіп, күміс жүлде иеленді. Шиеленісті өткен жекпе-жектің есебі – 2:3.

Велотрек: Спринт бағдарламасының іріктеуінде сынға түскен Андрей Чугай 30-орынға табан тіреп, келесі кезеңге шыға алмады. Уақыт көрсеткіші – 10.047 секунд.

Таэквондо: Самирхон Абабакиров (58 кг) алғашқы айналымда Токио Олимпиадасының жеңімпазы, әлем чемпионы Вито Делль'аквилаға (Италия) аса шиеленісті өткен айқаста жол берді. Есеп – 1:2.

Байдарка мен каноэде есу: Сергей Емельянов каноэде 1000 метрге жарыстың іріктеуінде өз тобында 4-орын алды.
Байдаркада 1000 метрге ескек есуде жекелей сынның іріктеуінде отандасымыз Бекарыс Раматулла мәреге соңғы болып жетіп, жартылай финалға тікелей жолдама ала алмады. Енді ол ширек финалда тағы жүлде үшін бақ сынайды.

Олимпиаданың он екінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.