Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:22, 02 Мамыр 2024

«Оңашада жылайсың ағыл-тегіл». Ахметжан Есімов тойда ән айтып жүр

п
Фото: из открытых источников

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімов қазақстандық әнші Серікбол Сайлаубектің үйлену тойында ән шырқады. 

Серікбол Сайлаубектің тойында түсірілген видеолар Instagram желісінде тараған. Онда Ахметжан Есімов отандық эстрада әншісі Сәкен Майғазиевпен бірге ән салып жатыр. Саясаткер мен әнші Ермек Меденовтың сүйемелдеуімен "МузАрт" тобының орындауындағы "Жүрегім менің" әнін орындады.

"Қандай керемет көрініс. Ән өнерінің қазіргі хан тәңірі, елдің ардақты, асыл азаматы, тізгін ұстаған ел ағасы Ахметжан Есімовпен жанды дауыста ән шырқады", - деп жазады видео авторы janibek.showman.

Сонымен қатар Ахметжан Есімов ел алдына шығып, сөз сөйледі. Алматының экс-әкімі ерлі-зайыптыға ақ тілегін жолдап, тойды басқарған асабаның өнеріне жоғары бағасын берген.

Фото: janibek.showman сторисінен скрин