Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:30, 27 Қараша 2023

Онколог бауыр ісігінің күтпеген белгілерін атады

рак печен
Фото: lapino2.ru

Онколог, медицина ғылымдарының кандидаты Евгений Черемушкин NEWS.ru сайтына берген сұхбатында емделуі қиын аурулардың бірі - бауыр обырының күтпеген белгілерін атады.

Маманның айтуынша, белгілердің біріне іштің кебуі мен жүрек айнуы жатады. Кейде адам ісік салдарынан өт қозғалысының бұзылуы пайда болып,  дене сарғаюы мүмкін.

Сонымен қатар, обыр белгілеріне анемия, тәбеттің төмендеуі және салмақ тастау жатуы мүмкін.

Онколог дер кезінде емделмесе, бұл белгілер денсаулыққа зиян келтіріп, науқас екі жылдан артық өмір сүрмейтінін айтады. Сондықтан маманның бақылауында болу өте маңызды екенін де атап өтті. Көбіне ішкі құрылысты жоспарлы тексеру (УДЗ) кезінде бауыр ісігі жиі анықталады екен.

Айта кетейік, бұған дейін онколог Иван Карасев онкологиялық аурулардың ерте белгілерін атаған болатын.