Саясат

Оңтүстік Кореяда шекарада қашып кеткен екі қазақстандық қанша айыппұл төлейді?

Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда шекарада қашып кеткен қазақстандықтардың босатылуына қатысты түсініктеме берді.

Оңтүстік Кореяда шекарада қашып кеткен екі қазақстандық қанша айыппұл төлейді?

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың айтуынша,  2023 жылдың наурыз айында Корея Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен Қазақстан екі азаматына қатысты үкім шығарылды.

«Инчхон қаласының аудандық соты Қазақстан азаматтарын депортациялап және әрқайсысына 3миллион корей воны (1 миллион теңгеден астам) көлемінде айыппұл салды», — деді ол.

Айыппұлды сот белгілеген мерзімде (7 күн) төлемеген жағдайда 30 күн ішінде өтеуге мүмкіндік берілетінін атап өтті.

Смадияров қазақстандық дипломаттардың азаматтарға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсеткенін, олардың туыстарымен және жергілікті құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста болғанын, сондай-ақ сот процесіне қатысқанын айтты.

Бұған дейін заңгерлер Оңтүстік Кореяда шекарада қашып кеткен қазақстандықтарға үкім шығарылғанын хабарлаған болатын. Сот оларды қамаудан босату туралы шешім қабылдады.

Тегтер: Без Тега
Т. Раушанұлы
Т. Раушанұлы Т. Раушанұлы

Оқыңыз