Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:43, 14 Мамыр 2024

Ұлттық жобаға бөлінген бюджет қаражаты ұрланды

в
Фото: из открытых источников

«Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» атты Ұлттық жобаға (азаматтарды оңтүстік аймақтардан солтүстіктегі халқы аз елді мекендерге қоныстандыру) бөлінген бюджет қаражаты ұрланды, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Павлодар облыстық прокуратурасының мәліметінше, жобаны іске асыру аясында бөлінген бюджет қаражатын иемденудің тұтас схемасы жасалған.

Оның ішінде шығынның жартысын алу үшін үйлердің құнын 8 миллион теңгеге дейін жасанды түрде көтерген (үй сатып алу үшін 50% өтеледі, бірақ 4,2 миллион теңгеден аспайтын). Іс жүзінде қараусыз қалған үйлер 500 мың теңгеден бастап сатып алынған. Нәтижесінде қоныс аудару тек қағаз жүзінде ғана орындалады, халық көшіп кеткендіктен, облыста 59 елді мекен жойылған. Тек 6 ауданда ғана 600 млн. теңгеге шығын анықталды, делінген хабарламада.

Прокуратура тексеру материалдарын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркеп, тергеу амалдарын арнайы прокурор жүргізетінін мәлімдеді.

Қазір тексеру жалғасып жатыр.