Оппозиция да өзгеруі тиіс
Президенттікке өз кандидатурасын ұсынып, 16,23% дауыспенТоқаевтан жеңілгенӘміржан Қосанов «оппозицияны өзгерту керек!
» деп мәлімдеме жасады.
«Қымбаттысайлаушылар, серіктестер, достар!
Сайлау өтті.Мені қолдаған баршасайлаушыға шын жүректен алғысымды айтамын!» -деп Әміржан Қосанов фейсбукжелісіндегі жазбасын алдымен алғыстан бастады.
«Мен емес, дәл сіздер қоғамды ояттыңыздар!
Маған қатысты айтылған сыни пікірлерді демен ескеремін, ол шынайы демократия, сөз бен пікір бостандығының бұлжымасшарты. Осы күндері қалыптасқан ахуалды бағалап, таяу арада болашаққимыл-әрекеттеріміздің нобайын әріптестермен бірге талқылап, анықтаймыз.Артында мықты партия жоқ тәуелсіз кандидаттың қоғам қолдауына ие болуы осысайлау науқанның өзіндік бір ерекшелігі болды деп санаймын»,- деді.
Сондай-ақ, өз принциптеріненбас тартпайтынын, халықты төңкеріс пен бүліксіз өзгеріске шақыратынын да айтты.
«Мен осы күнге дейін жария етіп келе жатқан ешбірбағдарламалық мәлімдемелерім мен принциптерімнен бас тартпаймын! Демократиялыққұндылықтарды қорғау мен қоғам мен билік арасындағы диалогты орнату жолындақызметімді жалғастыра беремін!
Төңкеріссіз, бүліксіз өзгерістерді қалайтын ағайын менің осыбағыттағы жұмысымды қолдайтынына мен сенімдімін. Және де біз, біріге отырып,қоғамды да, билікті де өзгерте аламыз деп ойлаймын», — деген Әміржан Қосанов ендіжаңа оппозиция құруды қолға алатынын жеткізді.
«Бірақ сайлау барысында менің діттеген межеге жетуіме кедергі болған жайттар пайда болды.
Олар – Әблязов мырза мен оған жақын тұлғалардың мені (билік кандидатын емес!) күні-түні қаралап, күйе жағуы, оппозиция сапындағы кешегі әріптестерімнің мені қолдамауы (жасыратын несі бар, маған қарсы үгіт-насихат жүргізуі!), дауыс беру секілді азаматтық әрекеттен бас тартуға шақырған «бойкотшылар». Бұған оппозиция өкіліне ұлттық буржуазияның қол ұшын бермегенін, яғни қаржы тапшылығын қосып қойыңыз. Осының бәрі, сөз жоқ, менің мейлінше жоғары жетістікке қол жеткізуіме өз салқынын тигізді.
Сайлау алдында билік өз зерттеулерінде маған 5 және 7,9 пайыз беретіндей сыңай танытқанын өздеріңіз білесіздер. Ондай болжауларды біз сынадық, қабылдамадық.Сондықтан да дауыс беру барысындағы экзит-пул кезінде 15,9 пайыз жарияланғанын өз басым дәл сол кезде одан да төмен цифрлармен салыстырғанда оң нәтиже деп санап, сондай комментарий бергенім рас. Оның үстіне әдетте экзит-пул мен ресми нәтиженің арасы алшақ болмайды емес пе?
Біз билік өзгеруі тиіс деп жатамыз. Меніңше,оппозиция да өзгеруі тиіс. Сонымен бірге оның ішіндегі күштер өз таңдауынжасап, бағдарламалық және қимыл-әрекет басымдықтарына сай өз орнын анықтап алуытиіс сияқты.Менің ендігі миссиям – демократиялық принциптерді табанды да тегеурінді қорғапотырып, билік үшін заң аясында күресетін қоғам белсенділерінің жаңа толқынына,жаңа оппозицияға институттық сипат беру. Өйткені, жаңаша жағдайда оппозициялықкөңіл-күйлер сайлау барысында легитимденді, қоғамдағы екінші күшке айналды!
Сондықтан да, алдын-ала айтқанымдай, мен «президент болаалмадым» деп, азаматтарды заңсыз акцияларға шақыра алмаймын! Әрине, радикалдыағайын мені осы позициям үшін сынап жатар, бірақ менің азаматтық таңдауымосындай!
Сонымен бірге, осы күндері наразылық акцияларына шығып жатқаназаматтарға қарсы күштеу әдістерінің қолдануына, оларды тұтқындауға қарсы өзнаразылығымды білдіремін. Тұтқындағылар дереу бостандыққа шығарылсын!
PS. Сайлау барысында күні-түні ұйқысыз жүрдім. Шаршағаным бар.Жүрек пен жүйкеге біраз салмақ түссек керек. Кеше ауруханаға түсіп қалдым. Солжақтан жазып отырмын».
Фото: zakon.kz