Саясат

Оппозицияның басы неге бірікпейді?

Наурызда НұрсұлтанНАЗАРБАЕВ қызметінен мерзімінен бұрын кететіндігін мәлімдегеннен кейін, Қазақстандасаяси өмір жандана бастады.

Оппозицияның басы неге бірікпейді?

Жастар жаңа ұйымдар маңына топтасып, ескі де жаңаоппозиция өкілдері партия құратындықтарын мәлімдеді. Бірақ тізе қосып, коалицияқұрып жатқан саяси күштер әзірге байқалмайды. Президент сайлауы кезіндегідейәркім өз бетінше әрекет етуде. Естеріңізде болса, маусым айында өткен сайлаукезінде де оппозиция өкілдері бір мәмлеге келе алаған. Бірі сайлауға бойкотжарияласа, енді бірі қатысатындығын айтып, өз кандидатурасын ұсынған. Осығанбайланысты бүгін біз «Оппозиция өкілдерінің басы неге бірікпейді?» деген сұраққажауап іздеп көруді жөн көрдік.

Белгілі журналист,ЖСДП партиясының экс-төрағасы Ермұрат БАПИ оппозиция өкілдерінің бірікпеуінеолигархтардың қатысы бар деп есептейді. Оның сөзінше, осы уақытқа дейінҚазақстанда саяси партия құру олигархиялық жолмен жүріп келген және ондайжүйеде бір жерге топтасу мүмкін емес.

«Біріншіден, оппозиция өкілдерін бір жерге біріктірудеген, бір идеяның маңына тоғысу дегенді білдіру керек. Қазақстанның жағдайындабұл «елді өзгерту» идеясы. Бұл оппозицияға ғана емес, қоғамға да қажет.Екіншіден, оппозицияның басы бірігіп өмірбақи жүре алмайды. Олардың әрқайссының өзіндік идеясы, көзқарасы, ойы, мақсат, мүддесі бар. Сондықтан олардыбір «қораға қоралаудың» қажеті жоқ. Ең бастысы олар ұлттық, халықтық идеяныңмаңайына топтаса білсе болды. Олардың тактикалық жолы жаңағы идеяның жанындамаңызды емес. Ал қазіргі оппозицияның жағдайына келсек, олардың топтаспауыныңүлкен екі себебі бар. Біріншіден, бізде осы уақытқа дейін саяси партияларолигархиялық жүйе негізінде құрылып келді. Кімде ақша бар, сол партия құрады.Кімде ақша бар, сол өз мүддесін тықпалайды. Сондықтан ондай мүдделі топтардыңбасын біріктіру мүмкін емес. Екіншіден, оппозиция өкілдерінің басынбіріктірмеуге билік мүдделі. Себебі қоғамдағы қарсылық күштері бірігетін болса,биліктің мүддесіне нұқсан келеді. Сондықтан билік те өз тарапынан әрекеттерінжасап жатыр», — дейді Бапи.

«Республика» қозғалысыныңөкілі Белла ОРЫНБЕТ оппозициядағы алдыңғы буын өкілдерінің біріге алмауынолардың идеяға емес, жеке тұлға маңына топтасуларымен және өзара елге, жерге,руға бөлінулерімен түсіндіреді.

«Алдыңғы буын жерге, елге, руға қатты бөлінеді. Жастардабұндай көзқарас жоқ. Иә, қазір аға буынмен жастар арасында байланыс болмай тұр.Бұндай байланыс керек те шығар. Себебі кейде тәжірибенің жетіспеуінен опық жепжатамыз. Бірақ біз оларды қабылдай алмаймыз. Өйткені олар сатқындықтың ең жаманформасын көрсетті. Қазір жастар арасында жаңа мәдениет қалыптасып келе жатқансияқты. Біз өзара жиі кездесеміз және бір-бірімізді «анау мынаның жобасы»,«мынау ананың жобасы» деп айтпаймыз. Қазіргі жастар керемет деп айтпаймын.Жастардың арасында да (Назарбаевқа – ред)ескерткіш қояиық дегендер бар. Бірақ жаңадан қалыптасқан оппозиция өкілдеріарасында өзара ауызбіршілік бар. Қазір бірінші мәселе әрқайссымыздың жеке-жекеамбициямыз емес, жүйені өзгерту. Біздің жастардың арасында саяси плюрализм бар.Үлкендердің арасында ол жоқ. Олардың өзіндік қатып қалған қағидалары бар.Түптеп келгенде Әбілязовтың Назарбаевтан ешқандай айырмасы жоқ. Назарбаевөзінің автократиялық жүйесін құрды ғой, сол сияқты Әбілязов та қазір оппозициядаөзінің жүйесін құрғысы келеді. Ол оппозиция өкілерін өзінің тұлғасы маңайындағана ұстап отырғысы келетін сияқты. Ескі оппозицияда тұлға маңайында топтасубар да, идея маңайында топтасу жоқ», — дейді Белла Орынбет.

Саясаткер, «Қазақстандемократиялық партиясын» құру тобының мүшесі Жанболат МАМАЙДЫҢ пікірінше, 30жылдан бері келе жатқан оппозициялық күштер еш уақытта біріккен емес. Себебіоппозиция өкілдерінің бір партияға немесе ұйымға біркпеуі заңды құбылыс.

«Отыз жылдан бері келе жатқан оппозициялық күштергеқарайтын болсақ, олар еш уақытта бір ұйымға, бір қозғалысқа бірігіп әрекететкен емес. Менің ойымша, оппозиция өкілдерінің бір партияға немесе ұйымғабірігуі мүмкін емес. Өйткені ол заңды құбылыс, қай ел де болмасын, қай жер деболмасын. Бірақ бұл жерде екінші мәселе бар. Ол оппозицияның ішіндегіазаматтардың бір-бірін қаралауы, бір-бірін жамандап, сынауы. Бұл тек қанабилікке тиімді дүние екендігі айтпаса да түсінікті. Мысалы, Мұхтар Әбілязовтыңелдегі барлық оппозициялық күштерді сынауы, тек қана билікке тиімді сценарий.«Демократиялық партияның» штабын құруға басқа облыстарға барған кезде, биліктіңарандатушыларының өзі Әбілязовтың ұрандарын көтеріп шығады. Менің ойымша,осындай нәрселерді тоқтату керек. Кімнің сатқын екенін, кімнің ойы таза екенін,кімнің ойы арам екенін уақыт өзі көрсетеді… Жастарды қолдайтын, соларғаақылын, ойын айтатын бірқатар ақсақалдар жоқ емес, бар. Бірақ, жастардың жолынкескісі келетін, оларды қаралап, сынап-мінейтін, өздерінің жеке амбицияларынойлайтын шал-шауқандар да оппозицияның ішінде бар. Аға буынның ең үлкенқателігі осы», — дейді Мамай.

Фотоны автор ұсынды

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз