Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:04, 28 Қараша 2023

Оралда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 6-сынып оқушысын соққыға жыққан

дене шынықтыру
Фото: из открытых источников

Оралда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі алтыншы сынып оқушысын ұрып-соққан, деп жазады Zhasalash.kz.

«Мой город» басылымының жазуынша, аталған оқиға 27 қарашада болған.

БҚО полиция департаменті кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

«Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы, Орал қалалық ПБ басшылығы мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар аттанды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады полициядағылар.

Батыс Қазақстан облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Борис Лаврентьев бұл мәселені педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте қарап, шешім шығарылатынын түсіндірді.

«Мектеп директоры Еңбек кодексіне сәйкес, дене шынықтыру мұғаліміне сөгіс түріндегі тәртіптік жаза, сынып жетекшісіне сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданды, сондай-ақ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі аталған сыныптағы жұмысынан босатылды. Баламен психолог жұмыс істеп жатыр, оған психологиялық көмек көрсетеді. Бұл жағдай бақылауға алынды», - деді Борис Лаврентьев.

№45 мектеп директоры Әлима Төреғалиева қазір білім ошағында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Олар бізден түсініктеме сұрап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыны иығынан сілкіп жібергенін айтады. Мүмкін, сол кезде абайсызда қолы тиіп кеткен шығар. Оқушыны нағашы апасы тәрбиелеп отыр. Бала. жақсы, белсенді, көңілді. Тұйіқ емес, олимпиадаларға қатысады. Мен осы сыныпта өзім сабақ беремін. Оқиған балалардың арандатуынан болған шығар, бәрі анықталады», - деді Әлима Төреғалиева.