15:02, 04 Қаңтар 2024
Оралдағы дәмханада болған жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Оралда екі қабатты үйдің құлауы салдарынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.
"Бүгін түнде Оралдағы дәмханалардың бірінде болған жарылыс салдарынан зардап шеккендерге тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 5 адам - екі ер адам мен екі әйел жансақтау бөлімінде, бір ер адам травматология бөлімінде жатыр. Барлығы көпсалалы Орал қалалық ауруханасында медициналық бригаданың көмегін алып жатыр», - деп хабарлады әкімдік.
Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарға қараған түні Оралда Rizyq дәмханасының екі қабатты ғимараты опырылып құлаған болатын. Апат салдарынан екі адам қаза тапты, тағы 5 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.