Әлеумет

Оразалы Ержанов ісі сотта қарала бастады

22 сәуірде Алматыдағы Алмалы аудандық сотында заңгер, «Elge Qaitaru» активтерді қайтару қорының директоры Оразалы Ержановқа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау өтті.

Оразалы Ержанов

Қоғам белсендісіне Қылмыстық кодекстің 150-бабы («Сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау») бойынша айып тағылып отыр.

Негізгі сот отырысы 28 сәуір күні сағат 15:00-ге белгіленген.

Еске салайық, Ержанов 23 ақпанда референдум туралы жазбасына байланысты ұсталып, 10 тәулікке қамалған болатын. 5 наурызда қамау мерзімі аяқталғаннан кейін ол қайтадан екі айға қамауға алынды. Оған «сайлау құқығына ықтимал кедергі келтіру» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Кейін референдум өткен соң белсенді үйқамаққа ауыстырылды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз