Әлеумет

Орынбор облысындағы Ozon қоймасына дрон шабуылы жасалды

Ресейдің Орынбор облысындағы Ozon логистикалық орталығы дрон шабуылынан зардап шекті. Қоймада өрт шығып, 300-ден астам қызметкер эвакуацияланды.

Ozon

Ozon компаниясының мәліметінше, шабуыл кезінде қауіпсіздік жүйелері штаттық режимде жұмыс істеген. Алдын ала дерек бойынша, зардап шеккендер жоқ.

«300-ден астам қызметкерді бірнеше минут ішінде эвакуацияладық. Өрт шықты, оны ТЖМ қызметкерлері сөндірді. Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметтері жұмыс істеп жатыр», – делінген компания мәлімдемесінде.

Ozon зардап шеккен қойманың жұмысын уақытша тоқтатты. Онда сақталған тауарлар маркетплейстен уақытша алынып тасталған. Осы қоймадан жеткізілуі тиіс кейбір тапсырыстар тоқтатылып, клиенттерге ақшасы қайтарылады. Ал тоқтатылмаған тапсырыстар басқа қоймалардан жөнелтіледі.

Компания сатушылардан да әзірге бұл логистикалық орталыққа тауар жібермеуді сұрады. Қоймаға бағытталған логистикалық маршруттар басқа нысандарға қайта бөлінбек.

Бұған дейін Орынбор облысының билігі өңірге жасалған дрон шабуылы салдарынан бірнеше өнеркәсіптік нысанға зақым келгенін хабарлаған.

Тегтер: Ozon қоймасы
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз