Өрт шалған үйден 7 адамды құтқарған
Қайраттың ерлігі ескерусіз қалмауы тиіс. Апта басын семейліктер жайсыз қарсы алды.
Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Семей қаласындағы Мелькомбинат, 3мекенжайындағы қос қабатты пәтерді кенеттен өрт шалып, шатыры күлге айналды.Жайсыз хабардан бірден құлақтанған Семей қаласы Төтенше жағдайлар қызметініңөрт сөндіру бөлімінен 10 техника мен 36 өрт сөндіруші шұғыл жеткенімен, жалындыауыздықтау оңай болған жоқ. Үш сағат ішінде 250 шаршы метр қызыл жалынныңқұшағында қалды.
Бір айтар жайт, адам қазасы тіркелген жоқ.Тұрғындар құтқару қызметі келіп жеткенше, өздері де жедел қимылдап үлгергенекен. Осындағы пәтерлердің бірінде пәтер жалдап тұратын, үш баланың әкесіҚайрат Сейітнасимовтың өмірдің қысылтаяң сәті келгенде үрейге бой алдырмай, өзотбасымен қатар бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға жол ашқаны үлкен ерлік. 14жылдан бері жеке баспана алуға қол жеткізе алмай, осындағы аядай бөлмені жалғапаналап келе жатқан қарапайым азаматтың атына сай қажыр-қайратын аямай, өзгеніңөмірін өзінікінен артық қойып ұмтылғаны қалай дәріптей айтсақ та артық емес.
– Төсек жабдығын жалғап, бірінші үлкенқызымды, содан ұлымды түсірдім. Одан кейін кенже қызым мен жұбайымды түсірдім.Кейін менің терезем арқылы үш егде адамды түсіруге қол ұшын бердім. Ең артынанөзім қалдым. Тамақ ішетін үстелдің аяғына төсек жабдығын байлап, сонымен өзімтүстім. Мен ол кезде ұйқылы-ояу, қанша адамды шығарып жатқанымды қарауға дамұршам болған жоқ,-дейді ол қоңырау шалып, хал сұрағанымда.
Тосыннанапат туындап, баспанасынан айырылған 11 отбасының жағдайына алаңдап тиісті орындарғада қоңырау шалдық. Семей төтенше жағдайлар басқармасы Азаматтық қорғанысбасқармасының аға офицері Қымбат Көпбаевтың айтуынша, мұнда 18 пәтерорналасқан. Қос қабатты ғимараттың жоғарғы бөлігіндегі 4 үйдің төбесі түгіқалмай жанып кеткен. Баспана деген аты ғана қалған үйді қазір қалпына келтіру жұмыстарыбасталғанымен, оның өте ескі екендігін де жасыруға болмас. Білуімізше, бұлғимарат 1932 жылы салынған. Осы күнге дейін ұн-құрама жем комбинатының иелігіндеболған ғимаратта осы комбинаттың үш отбасы және «Қазақстан теміржолы» ҰАҚ-ыныңбір жұмысшы отбасы тұрып келген. Бұл үш отбасыны жұмыс орындары уақытша пәтергеорналастырыпты.
Жалпы,жалын салдарынан жансауғалап әрең қалған 36 адамның 14-і балалар екен. Қаладағы№42 мектептің интернатына 7 отбасынан 25 адам уақытша қоныстануына тура келген.
Дәл қазіргі күннің өзекті мәселесіне айналғанкоронавируспен күрес күшейіп тұрғанда бұл жағдай жергілікті атқарушы билікке десалмағын түсіргені анық. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов 20сәуір күні оқыс оқиғаға байланысты бірден мәлімдеме жасады.
«Семейқаласында төтенше оқиға болды. Мелькомбинат 3 мекен-жайындағы екі қабатты үйдіңшатыры өртеніп кетті. 39 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 9 бала бар.Бақытымызға орай, зардап шеккендер жоқ.Қазіргі уақытта 11 отбасы уақытша баспанағамұқтаж. Қала әкімі Ермак Сәлімовке дереу бұл мәселені шешіп, көмек көрсетудітапсырамын. Сондай-ақ, шығын көлемін есептеу қажет.Қысқа мерзімде шатырды қалпына келтіріп, үйдіжөндейміз»,-деп уәде берді облыс әкімі Д. Ахметов.
Әрине, апат айтып келмейді. Дегенмен,баспанасыз қалған отбасылардың жағдайы жөнге келгенше, бірнеше ай қажет.Ғимаратты қалпына келтіру жайы қазір жедел қолға алынғанымен, қазақтың «ескініжамағанның есі кетеді» деген сөзін де ескермеске болмайды. Қала басшылығымектепке орналастырылған отбасылардың да, уақытша үйге көшіріліген отбасылардыңда жағдайы, денсаулығы үнемі бақылауда болатындығына сендіріп отыр.
– Апат болған үйден уақытша қонысқакөшірілгендер құрылыс аяқталғанша орналасқан жерінде болады. Олардың барлығы дабіздің назарымызда. Бір жарым, екі ай ішінде баспаналары жөнделген соң, өзшаңырақтарына қайтып оралады,-дейді Семей қаласы әкімінің орынбасары АйдарСадырбаев.
Сөзіміздің басында айтып өткен Қайрат Сейітнасимовтыңжайына да назар аудармасқа болмайтыны анық. «ШҚ ҰҚЖК» АҚ (Шығыс қазақстанұн-құрама жем комбинаты) өндіріс орынында слесарь болып еңбек ететін азаматмардымсыз жалақысымен 14 жылдан бері шатыры жанып кеткен ғимараттың бір пәтерін10 мың теңгеге жалдап тұрып келіпті.
-Жұмыс орыным көмек ретінде пәтерақыға50 мың теңге берді. Келесі айда да көмектесетін болып отыр. Мен қосымшакоммуналдық шығындарды ескеріп, 25 мың теңгеге бір пәтер тауып көшіп кірдім.Баспана зардабын әбден тартқаным рас. Слесарь ретінде алатын жалақым 50 мыңтеңге шамасында. Жасым да елуге келді. Ұзақ жыл жұмыссыз, баламен отырғанжұбайым жақында ғана мен істейтін өндіріс орынына жұмысқа тұрып еді. Жағдайғақарай көреміз енді»,-дейді тығырыққа тірелген Қ. Сейітнасимов.
Анық нәрсе: ешкім де ерлікті арнайы жоспар құрып жасамайды. Сын сағаттасыр бермей басын бәйгеге тігіп, өзгенің өмірін құтқаруға ұмтылатын азаматтарсанаулы екені рас. Бәлкім, құрылыс та ретімен жүріп, безіп шыққан отбасыларқайта оралар күн де туар. Өмір көші жалғаса береді. Тап сол кезде Қайраттың солкүнгі жанқиярлық ерлігі қалтарыста қалмаса екен деген тілек бар.
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ,
Шығыс Қазақстан облысы