Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:00, 26 Наурыз 2024

Орталық сайлау комиссиясындағы наурыз тойы

Наурыз

Биыл еліміздің түкпір-түкпірінде Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Мұндай игілікті істен орталық сайлау комиссиясы да шет қалған жоқ.

 Шараны мазмұнды әрі қызықты бағдарламалар арқылы өткізуді жоспарлаған ведомство өкілдері қазақтың салт дәстүрлеріне басымдық беріп, ұлттық билер мен әндерді орындап, ұлттық ойындар ойнады.

«Наурыз – еліміздің Тәуелсіздігімен бірге қайта оралған ерекше де қасиетті мереке. Наурыз – халықтың ынтымақ-бірлігін арттыратын ұлы мереке. Биыл елімізде Наурызды мерекелеу тұжырымдамасы қабылданды. Бұл өте маңызды қадам», – деп атап өтті ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Бұдан бөлек, ОСК қолдауға мұқтаж аз қамтылған отбасылар мен мүгедек балаларға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясына қатысты. Бір апта ішінде ұжым оларға көптеген сыйлықтар, соның ішінде киім, ойыншықтар, ыдыс-аяқтар және басқа да қажетті керек-жарақтарды жинады. Шара аясында жиналған заттар «Нұр Әлем Қазақстан» қоғамдық қайырымдылық қорының басшысы Наталья Коноваловаға берілді.

Жалпы, бұл күні Өзбекстан, Қырғыз республикалық орталық сайлау комиссиялары да қайырымдылық шаралармен айналысып, мерекені тойлаған. Саясаттанушылар мұндай шаралар қоғамға үлгі екенін, орталық сайлау комиссиясының жұмысы тек сайлау науқандарында ғана қызып жатпауы керектігін, олар үнемі белсенді қызмет атқаруы тиістігін айтуда.

Қарлығаш Сайлауова

Тегтер: