Қоғам

Өскеменде Карл Маркс көшесі өзгертілді

Бүгін Өскемен қаласында Карл Маркс көшесі, Қазыбек би болып ауыстырылды. Бұл туралы Жас Алаш Алтайньюс сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өскеменде Карл Маркс көшесі өзгертілді
Салтанатты шара барысында қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сайлаухан АУХАДИЕВПЕН облыстық соттың судьясы Ғалия АЛИПАНОВА бұл даңғылға Қазыбек бидің шешендік сөздері жазылған билбордтарды ілу туралы ұсыныстарын білдірді.– Кейінгі буын өткен тарихты ұмытпай, ел тәуелсіздігі жолында аянбай күрескен тарихи тұлғаларымызды ұмытпауы тиіс, – деді Ғалия Алипанова.Салтанатты шарада К.Маркс көшесін Қазыбек бидің атына беруге атсалысқан қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сайлаухан Аухадиев, №1 қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Евдокия МАКСИМОВА, №1 қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аман СОЛТАНҒАЛИЕВКЕ алғыс хаттар табысталып, сый-құрмет көрсетілді. 
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз