Live

Өскемендегі жарылыста қаза болғандардың отбасына 10 жылдық жалақы төленеді

Өскемендегі жарылыста қаза болғандардың отбасына 10 жылдық жалақы төленеді.

Жарылыс

Қайғылы оқиға салдарынан көз жұмған Рамазанов О.Н. мен Камалиев Е.Т.-ның жерлеу рәсіміне кететін барлық шығынды компания өз мойнына алады. Сондай-ақ марқұмдардың отбасына олардың 10 жылдық жалақысына тең көлемде өтемақы төлеу қарастырылған.

Қазіргі таңда ауруханада жатқан зардап шеккендер толық медициналық көмекпен қамтамасыз етіліп, қажетті дәрі-дәрмектер тегін беріліп жатыр.

Бұдан бөлек, ем қабылдап жатқан қызметкерлердің жалақысы толық көлемде, яғни 100% сақталады.

Компания зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

 

Тегтер: Казцинк
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз