Әлеумет

Өскеменнің әкімі Досжанның тілегін орындап үлгере алмады

Өскемендік оқушы Досжан ДУЛАТҰЛЫ ауласындағы ойын алаңының ескіргенін айтқан видео үндеуі қала әкімі Жақсылық ОМАРДЫ БАҚ-ның бірінші бетіне жарқ еткізіп шығарып еді.

Өскеменнің әкімі Досжанның тілегін орындап үлгере алмады

Шенеуніктің арнайы балаға келуі декоративті демократия орнаған елде айтулы оқиға болды. Әттегенайы әкім бала тілегін орындап үлгере алмады. Бойын жарнамалаудан аулақ ұстаған жандар бір күнде Досжанның арманын орындап кеткен. Бірақ Өскеменнің шешен тілді әкіміне өкінетіндей жөн жоқ. Қалада Досжан сынды мыңдаған оқушылардың тілектері жоқ емес.

Досжан өзінің ауласындағы ойыналаңының тозып тұрғанына қиналып, өтінішін әлеуметтік желі арқылы жалпақ жұртқажеткізген болатын. Мұны көрген журналистер жергілікті биліктен бұрын қимылдап,ойын баласының базынасын айтқан еді. Содан кейін қала әкімі Жақсылық ОМАРбарып, баламен арнайы кездескен.

Қала басшысы сол кездесуінде: қалада мыңдаған аула бар. Олардың көбі жарты ғасырға жуықуақыт жөндеу көрмеген. Мәселені кешенді түрде шешу үшін облыс әкімі Даниал АХМЕТОВТІҢбастамасымен «Менің аулам» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Пәтериелері кооперативі өтініш берген барлық аула бюджет есебінен толықтайжөнделетін болады. Өкінішке қарай, дәл осы «Маяковский 20»мекенжайындағы аула былтырғы жылы өтінішті дұрыс бермеген екен. Соныңсалдарынан аула жөнделетіндердің тізіміне енбей қалған – дегенді.

Алайда, баланың айтқанбазынасының орынды екенін ескерген шығыстағы бас шаһардың басшысы қалабюджетінен үнемделген қаржы есебіне ауланы жөндеуге уәде берген. Себебі 2019 жылыжөнделетін аулалардың тізімі бұған дейін бекітіліп қойған. Мұны естіген ойынбаласы да, ата-анасы да келер күнге үміт артып қала берген еді.

Бірақ бұл жолы қайырымды жандар уәдені осылай үйіп төккен құзырлы орган қызметкерлерінің алдын орап кетіпті. Қазір бұл ауланың келбеті әбден өзгерген. Жаңа орындықтар қойылып, ескірген темірлер боялған. Әткеншек пен сырғанақ тебетін қондырғы да жаңадан орнатылыпты. Досжанның ата-анасының айтуынша, бұл жұмыстарды аты-жөндерін құпия ұстаған қайырымды жандар Елордадан арнайы келіп, жасап кетіпті.

Фотоларды авторұсынды.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз