Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:15, 19 Желтоқсан 2024

Отбасы институты қалай қалыптасады?

отбасы
Фото: из открытых источников

Астанада қала әкімдігінің және «Жанұя» отбасы институтының ұйымдастыруымен 18 желтоқсанда балалар мен отбасы құндылықтарына арналған шара өтті. Жиналғандар жылы әрі жайлы атмосферада мерекелік шараны тамашалады.

 Ұйымдастырушылар келген қонақтарды Жаңа жылмен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Мұндай шаралар орталықтың отбасыларын, серіктестерін және достарын біріктіретінін алға тартты.

Ұйымдастырылған іс-шараның ерекше қонақтары – «Жансая» медициналық орталығының балалары, олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі балалар бар. Олар үшін арнайы мерекелік бағдарлама дайындалған. Бұл бағдарлама тосын сыйларға толы болды. Балаларға қуаныш сыйлап, ерекше аура жасауға және қоғамдағы қолдау мен инклюзивтіліктің маңыздылығын атап көрсетуге бағытталды.

Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын нығайту, достық қалыптастыру және әрбір баланың ерекшеліктеріне қарамастан, тең мүмкіндіктерге ие болуына назар аудару.

«Мұндай бастамалар әркім өзін үлкен әрі қамқор отбасының мүшесі ретінде сезінетін жылы қауымдастықты қалыптастырады деп сенеміз. «Жанұя» орталығы ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларының өмір сүру сапасын жақсартуға, әлеуметтік бейімделу мен интеграцияны қолдауға бағытталған іс-шараларды қолдайтын барлық азаматтарға алғысын білдіреді», – дейді шараны ұйымдастырушылар.

Жалпы, «Жанұя» отбасылық институтыөмірлерінде қиындыққа тап болған балалар мен отбасыларға әлеуметтік, заңдық, психологиялық көмек көрсету үшін құрылған ұйым.

Институттың басым бағыттағы жұмысы, ол қиындыққа жолыққан балаларды дер кезінде анықтауға арналған профилактикалық іс-шаралар. Осы бағытта институт Астана қаласы әкімдігімен бірлесе отырып жұмыс істейді.

«Біздің миссиямыз – отбасы ішіндегі қарым-қатынастарды үйлестіру, жаңа Қазақстанның болашағы ретінде өскелең ұрпақтың психологиялық денсаулығын сауықтыру. Көмекке мұқтаж адамдарды анықтау және өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасылар мен балаларға әлеуметтік, заңдық, психологиялық қолдау көрсету; балалар мен ата-аналарға психологиялық көмек көрсету (кеңес беру, психотерапия, психодиагностика, тренингтік және дамытушылық сабақтар, психопрофилактика); әлеуметтік зерттеулер жүргізу, отбасы институтын нығайтуға және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру», – дейді институт өкілдері.

Ал бүгінгі шараға келген ерекше балалардың ата-аналары мұндай шаралардың өте қажет екенін, баланы қоғамға бейімдеу үшін маңызы зор екенін айтты.

Астаналық тұрғын А.Наурузова «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының маманына жүгінгеніне небәрі бір ай болған. Осы аралықта ол психологтардан 4 рет кеңес алғанын айтады. Әуелде мекемеге баласының мәселесімен келген. Бала сыныптастарымен және мұғалімдерімен тіл табыса алмаған. Орталықтың қызметін тұтынушы елордалық тұрғын психологқа келгелі бері ұлы оң нәтиже көрсетіп жүргенін айтады, сол үшін А.Наурузова «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Аталмыш мекемеде адвокаттар мен заңгерлердің тегін заң көмегі ұсынылатын ашық есік күні өткізіліп тұрады. Мұндай қызметке жүгінгісі келетіндерге Астана қаласы Әділет департаментінің халыққа құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Б.Смағұлов, Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаты Н.Қойгелдин, Астана қаласының жеке сот орындаушысы, Б.Сұлтанов, «Жанұя» орталығының азаматтарды құқықтық қамтамасыз ету және заңгерлік көмек көрсету бөлімінің мамандары бірлесіп, кеңес беріп, көмек көрсетеді.

Бұдан бөлек, Астана қаласының тұрғыны Ф.Гайнулина 2023 жылдан бастап «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының әлеуметтік сүйемелдеуіне алынды. Орталық мамандары аталған отбасымен нәтижелі жұмыс жүргізуде. Баланың мүгедектігін анықтауға, мүгедектігі бойынша жәрдемақы рәсімдеуге және оған күтім жасаған тұлғаға төленетін жәрдемақы тағайындауға көмек көрсетілді. Орталық мамандарының атқарған жұмыс нәтижесі бойынша қызы Астана қаласы әкімдігінің №3 арнайы мектебінде білім алып жатыр. Ф.Гайнулина Орталықтың психолог мамандарынан тұрақты түрде кеңес алады, сондай-ақ іс-шараларға белсене қатысады. Айта кетсек, отбасына бірнеше мәрте азық-түлік, балаларға арналған маусымдық киімдер, оқу құрал жабдықтарымен қамтамасыз ету мақсатында демеушілік көмек көрсетілді және Жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.

Ал кешегі өткен мерекелік шарада да келген балалар ерекше көңіл күйге бөленіп, сыйлықтарға кенелді.

Қ. САЙЛАУ

Астана