Шымкент тұрғыны 65 жастағы көршісін ұрып өлтірген
9 қыркүйек кешкісін Шымкентте 65 жастағы ер адам жас көршісімен жанжалдасып, кейін төбелескен.
Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал үйдің ішінде басталып, кейін аула сыртына шыққан. Оқиға сыртқы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрларда жас жігіттің жасы үлкен көршісіне бірнеше рет соққы жасағаны көрінеді.
Ер адам жерге құлағаннан кейін де соққы жалғасқаны байқалады. Оқиғаның куәгері бала болған. Төбелестен кейін жас жігіт аулаға кіріп кеткен. Біраз уақыттан соң қолында белгісіз орамасы бар күйде қайтадан көшеге шыққан. Оның ішінде не болғанын және жанжалдан кейін нақты қандай жағдай орын алғанын тергеу анықтайды.
Қазір осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.