Қоғам

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлімі: Құрылыс компаниясына қатысты іс тоқтатылған

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында жедел медициналық жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот отырысы жалғасуда.

Ұлдана Мырзуанның соты

Бірінші болып куәгер Г.Ақшаловадан қосымша жауап алынды. Одан әрі құлау оқиғасынан кейін тұрғын үйге техникалық зерттеу жүргізген «Астана-Технадзор» ЖШС-нің маманы Д.Воробьевтен жауап алынды.

Мемлекеттік айыптаушы Н.Абуов кондоминиум объектісінің бұрынғы сенім білдірілген тұлғаларына қатысты ҚР ҚК-нің 254-бабы бойынша қылмыстық істің Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркелгені туралы рапортты, сондай-ақ, Астана қаласы прокурорының орынбасары бекіткен тұрғын үй құрылыс салушысына қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны іс материалдарына қосуды сұрап өтінішхат берді.

Түскі үзілістен кейін Астана қаласы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінен, сондай-ақ «Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ-нен келіп түскен жауаптар зерттелді.

Келесі сот отырысы 2026 жылғы 16 қыркүйекке сағат 10:00-ге белгіленді. Жәбірленуші өкілі – адвокат Ж.Құрымбаеваның өтінішхаты бойынша жәбірленушіге операция жасаған нейрохирург дәрігерден, сондай-ақ «Астана қаласының Қалалық ортаны бақылау және сапа басқармасы» ММ-нің бұрынғы маманынан жауап алынады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз