Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:51, 07 Маусым 2024

Өткен жылы микроқаржы ұйымдарына 529 айыппұл салынған

кредит
Фото: pixabay

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өткен жылы микроқаржы ұйымдарына 155 млн теңге сомасына 529 айыппұл салған, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Жалпы, 370 тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша 198 қадағалау шарасы шығарылған.

«МҚҰ-ның негізгі бұзушылықтарының ішінде 60 күн кешіктірген кезде микрокредиттер беруді, есептеу талаптарын бұзуды, кредиттік бюроға ақпаратты уақтылы ұсынбауды және сыйақының шекті мөлшерлемесінен асып кету бар. Қадағалау қызметінің қорытындысы бойынша 88 микрокредит беру субъектісі, оның ішінде 16-сы мәжбүрлі түрде лицензиясынан айырылды», – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов.

 

Тегтер: