Өзбекстан оба ауруына қарсы дайындықты күшейтті
Ташкентте жұқпалы аурулар ауруханаларының бірінде обаны анықтауға арналған зертхана қатаң режимде дайындалып жатыр.
Медициналық мекемеде науқастарды орналастыру үшін төсек-орындар әзірленген. Сондай-ақ, Өзбекстанның халықаралық әуежайларында, теміржол вокзалдары мен мемлекеттік шекарадан өтетін автожолдарында 53 санитариялық-бақылау пункті жұмыс істейді. Әрі аса қауіпті инфекцияларды анықтайтын зертханалар қажетті диагностикалық құралдармен қамтамасыз етілген.
Алайда Нурмат Атабековтің сөзінше, қазіргі уақытта елде оба ауруының тіркелгені расталмаған. Денсаулық сақтау министрлігі де дайындық жұмыстарына қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
Ал ресейлік мамандар тиісті тексеру жүргізіп жатыр. Дегенмен, АҚШ президенті Трамп та дабыл қағып, америкалықтарды Ресейден дереу кетуге шақырды.