Live

Өзбекстанда парацетамолды дәріханада тікелей сатуға тиым салды

Өзбекстанда парацетамолды дәріханада тікелей сатуға тиым салды.

парацетамол

 Енді алдымен дәрігерге бару қажет (жеке клиникаларда – ақылы, мемлекеттік поликлиникаларда – кезек күту керек), содан кейін ғана дәріханадан дәрі алуға болады.

Шектеулер ең кең таралған дәрілерге де қатысты – парацетамол, ибупрофен және көптеген қызуды түсіретін препараттар.

Жаңа тәртіп бойынша: Пациент поликлиникаға жүгінеді, дәрігер диагнозды электрондық медициналық картаға енгізеді. MED жүйесінде сандық рецепт жасалады. Дәріхана препаратты ID немесе QR-код бойынша береді.

Айта кетейік, парацетамолдың ең үлкен қауіпі – бауырды зақымдауы. Артық дозаның белгілері кейде бірнеше сағаттан кейін білінеді, бірақ бауырға ауыр зақым келуі мүмкін.Сондықтан бірнеше елде сату ережелері қатаңдатылған. 

  • Ұлыбритания – парацетамолдың өз-өзіне қол жұмсау жағдайларында жиі қолданылуына байланысты дүкендерде шекті дозада сатылады (бір адамға 16–32 таблеткадан артық берілмейді).

  • АҚШ және ЕО – артық дозадан болатын бауыр зақымдарына байланысты қаптамаға үлкен етіп жазып қояды.

Бұл шаралар парацетамол “өте зиян” болғандықтан емес, дұрыс қолданбағанда қауіпті болғандықтан енгізілген.

Тегтер: парацетамол
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз