«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!»
«Nur Otan» партиясы атынан Жалағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Базарбай Еркін, Айтжанова Гүлжайна, Серәлі Нарбота, Тәжібаева Ұлжахандар "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" тақырыбындағы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында аудан орталығындағы жұмыссыздар кездесті.

Келелі кездесуде барысында қатысушылар тарапынан түскен жұмыссыздық, жол, газ, жарық сынды мәселелерді көтеріп, кандидаттар тарапынан бағдарлама аясында тұщымды жауаптар берілді. Атап айтар халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы Жалағаш ауданының артықшылықтарының әлеуетін пайдаланатын боламыз. Ол үшін «Nur Otan» партиясы: мемлекеттік бағдарламалар және жеке инвесторлар есебінен 11 өңдеуші кәсіпорындар ашуға, оның ішінде:
- 2021 жылы 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңы және ет өңдеу цехын ашуға;
- 2021 жылы «БИС Групп» ЖШС-нің мия тамырын өңдеу зауытын қайта іске қосуға;
- 2022 жылы асыл тұқымды ешкілер санын көбейту арқылы ет өндіру және ешкі сүтін өндеу цехын ашуға;
- 2022 жылы шөп түйіршіктелген өндіру цехын ашуға;
- 2022 жылы картоннан қағаз өнімдерін шығаруға;
- 2022 жылы жүннен көрпе, көрпеше жасау цехын ашу;
- 2022 жылы асфальт бетон зауытын іске қосу;
- 2022 жылы жеке медициналық орталығын ашу;
- 2022 жылы жарық шамдарын шығаратын цехын;
- 2022 жылы комбикорм өндіретін және тәулігіне 60 тонна күрішті өндеу цехын ашуға;
- 2022 жылы жиһаз өндіру цехын ашуға;
- 2023 жылы күйдірілген кірпіш өндіру зауытын (қуаттылығы тәулігіне 5 мың кірпіш) ашуға;
- 2022 жылы сүт өнімдерін өндіру цехын ашуға;
- 2025 жылы құс етін өндіру цехын ашуға;
- 2025 жылы бақша дақылдарын өндеу цехынашуға ықпал етеді.
Бұл шаралар 2025 жылға қарай 4,8 мың жаңа жұмыс орнын құруға және жұмыссыздық деңгейін 5,2 пайыздан 4,7 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді.
Азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ірі қара мал басын 34800 басқа дейін көбейту арқылы мал шаруашылығын дамытуға жәрдемдесуге, 2021 жылы Таң ауылдық округінде сүт фермасын ашуға, 2022 жылы Қаракеткен, Ақсу ауылдық округінде мал бордақылау алаңын салуға, 2021-2022 жылдары Мәдениет, Аламесек, Аққұм, Жаңаталап, Таң ауылдық округтерде жылыжай кешенін салуға, асыл тұқымды малдың үлес салмағын 2%-ға жеткізуге, Таң, Мақпалкөл елді мекендерінде тамшылатып суару арқылы 8,5 гектарға егілген алма бағынан өнім алуға, 2021 жылы аудан орталығында 2 әлеуметтік дүкен ашуға ықпал ететін болады.

Өмір сүру сапасын арттыруда мемлекет отбасының тұрғын үйге қолжетімділігін қолдайды. Ауданда жеке тұрғын үй кезегінде 285 адам, жер учаскесі кезегінде 2200 адам тұр. Ол үшін «Nur Otan» партиясы: 2021 жылдан бастап Жалағаш кентінде жалпы ауданы 2,1 мың шаршы метрді құрайтын жалға берілетін тұрғын үй құрылысын және 3 пәтерлі 30 жалдамалы тұрғын үй құрылысын салуға, жастарға және азаматтардың әлеуметтік осал топтарына, оның ішінде жеке инвестицияларды тарту есебінен қолжетімді тұрғын үй құрылысын салуға, Жалағаш кентіндегі 5 көп қабатты тұрғын үйлерге күрделі жөңдеу жүргізуге, 2021 жылдан бастап ауданда қатты тұрмыстық қалдықтарды жеке жинауды ұйымдастыруға, 2022 жылы Жалағаш кентінің «Ақтерек» учаскесінде көлемі 170 га жерге тұрғын үй салу үшін инфрақұрылым жүргізуге, ауданның елді мекендерін көгалдандыру мақсатында аяқсу мәселелерін толығымен шешу, 2025 жылдан бастап Жалағаш кентіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын сұрыптау желілерімен қоса салуға ықпал етеді.
Осы шаралар нәтижесінде кезекте тұрған санаттағы 30 отбасы тұрғын үймен және тұрғын үй салу үшінжер учаскесі кезегінде тұрған 800 отбасы жер телімімен қамтамасыз етіледі.
Біздің бағдарламамыз Жалағаш ауданың кешенді дамытуға бағытталған. Біз ауданды әртараптандырып, бәсекеге қабілетті экономика және өмір сүру үшін жайлы аумақ ететін нақты шаралар ұсынамыз. Біз ауданның дамуы мен өркендеуі үшін барлық азаматтармен және қоғамдық бірлестіктермен идеялармен алмасуға және кең ынтымақтастыққа дайын және ашық екенімізді мәлімдейміз» — деді үміткер Еркін Базарбайұлы
Үміткелер барша сайлаушыларды ағымдағы жылдың 10 қаңтарында болатын сайлауға бір кісідей қатысып, 20 жылдан аса тарихы бар, халықпен тығыз қарым-қатынас жұмыс жасап келе жатқан «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.