Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:17, 09 Қазан 2023

 Палестина мен Израиль қақтығысы: қанша адам қаза тапты

соғыс
Фото: из открытых источников

Палестина денсаулық сақтау министрлігі, Палестина Қызыл жарты ай қоғамы мен Израиль Медицина қызметінің деректерін негізге ала отырып, жергілікті уақытпен 14:00-дегі жағдай бойынша Палестина-Израиль соғысында қанша адам қаза тапқаны туралы деректер жарияланды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Al Jazeera басылымына сілтеме жасап.

Газа секторында 510 адам қаза тауып, 2 750-ден астам тұрғын жараланған.

Израильге келер болсақ, 800-ден астам адам өлтірілген, жарақат алғандар саны 2243 адамнан асады.

Сенбі күні палестиналық ХАМАС тобы Израильге шабуыл жасап, ел соғыс жағдайына көшкеннен кейін бірқатар мемлекет азаматтарын Израильден эвакуациялауды ұйымдастырған.

Дүйсенбі күні таңертең Израиль әскерінің ресми өкілі барлық елді мекен бақылауға алынғанын және Израиль аумағында әскери іс-қимыл жүргізіліп жатқан жоқ деп мәлімдеді. Дегенмен Израиль аумағында әлі де ХАМАС әскері болуы мүмкін екені айтылады.

Бүгін ХАМАС Тель-Авивтегі әуежайға зымыран ұшырғаны белгілі болды. Сондай-ақ Израиль қорғаныс министрі Йоав Галлант Газаның толық оқшауланғанын мәлім етті. Ол жақта жарық, тамақ және отын жоқ.