Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:50, 21 Тамыз 2024

Паралимпиада спортшыларына мемлекеттік ту табыс етілді

e
Фото: gov.kz
Үкімет басшысы Олжас Бектенов 2024 жылғы XVII жазғы Паралимпиада ойындарына қатысушы қазақстандық спортшыларға мемлекеттік туды табыс етті.

Премьер-Министр мемлекеттік туды ұлттық паралимпиада құрамасының екі ту ұстаушысы – Азия Паралимпиада ойындарының жүлдегері, Қазақстан чемпионатының он дүркін жеңімпазы Берік Ізмағанбетовке (отырып ойнайтын волейбол) және Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Севда Алиеваға (пара оқ ату) тапсырды.

Айта кетейік, 2024 жылғы жазғы Паралимпиада ойындарына 44 қазақстандық спортшы қатысады. Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрінен, атап айтқанда, пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэ, пара тхэквондо, отырып ойнайтын волейбол, пара оқ ату, пара үстел теннисі және пара дзюдодан 33 лицензия алды.

Жалпы, 1996 жылдан бүгінге дейін қазақстандықтар жазғы Паралимпиада ойындарында 7 медаль жеңіп алды.

Биылғы жарыс 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде өтеді.