Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:11

Париж мен Лондон Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын дайындап жатыр

1
Фото: JUSTIN TALLIS/AFP

Ұлыбритания мен Франция Украинаның келіссөздердегі ұстанымын нығайтуға және Вашингтонды оларға көмектесуге көндіру үшін бар күш-жігерін салуда.

Бұл күні Парижде Еуропаның бес негізгі әскери державаларының: Франция, Ұлыбритания, Германия, Италия және Польшаның қорғаныс министрлері арасында Украинаға қолдау көрсетуді үйлестіру үшін келіссөздер өтті.

Францияның қорғаныс министрі Себастьян Лекорну Парижде өткен баспасөз мәслихатында: «Украина қауіпсіздігінің бірінші кепілі - Украина армиясының өзі, оның мүмкіндіктері, қару-жарағы, дайындығы деген кең консенсус бар. «Қауіпсіздіктің ұзақ мерзімді кепілдігі біздің Украинаға бере алатын мүмкіндіктерге байланысты болады», - деді министр. Ол Еуропаның ғарыштық технологияны тезірек дамытып, Starlink-ке тәуелділігін азайтуы керектігін ескертті.

Bloomberg атап өткендей, Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармер мен Франция президенті Эммануэль Макрон 37 елдің арасында бейбіт келісімге қол жеткізілсе, Украина үшін «қалаулылар коалициясын» құру туралы келіссөздер жүргізуде.

Тегтер: