Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:54, 04 Шілде 2024

Париж Олимпиадасына баратын теннисшілер тізімі жарияланды

теннис
Фото: Туризм және спорт министрлігі

ҚР Туризм және спорт министрлігі Париж Олимпиадасына баратын теннисшілер тізімін жариялады.

Министрлік мәліметінше, бүгін теннистен Олимпиадада елімізге 5 жолдама берілгені белгілі болған.

Жеке сайыс. Әйелдер. 64 қатысушы.

Елена Рыбакина (рейтингте 4-орын)
Юлия Путинцева (34-орын)

Ерлер. 64 қатысушы.

Александр Бублик (23-орын)
Александр Шевченко (58-орын)

Жұптық сайыс.

Александр Бублик/Александр Недовесов

Александр Шевченконың Қазақстан азаматтығын алғанына 3 жыл толмаса да, анасы Жезқазғандікі екендігі ескеріліп, рұқсат берілді.