Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:11, 08 Шілде 2024

Париж Олимпиадасына баратын жеңіл атлеттер тізімі шықты

Спорт
Фото: ҰОК

Қазақстан атынан Париж Олимпиадасына баратын жеңіл атлеттер белгілі болды.

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы Париж Олимпиадасына қатысатын спортшылардың толық тізімін шығарды.

Әлемдік рейтингтің қорытындысына сәйкес, Қазақстан атынан 7 спортшы бақ сынайды.

Жанна Мамажанова (марафон)

Нора Джеруто (3000 м кедергілермен)

Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру)

Давид Ефремов (кедергілермен 110м)

Ольга Сафронова (200м)

Дэйзи Джепкемей (3000м кедергілермен, 10км)

Елизавета Матвеева (биіктікке секіру)

Айта кетейік, Қазақстан атынан 4 спортшы алғаш рет Олимпиада жүлдесіне таласады.