Парижде өтетін Олимпиада ойындарына Ресейден 15 спортшы қатысады
26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына Ресейден 15 спортшы қатысады, делінген Халықаралық Олимпиада комитетінің сайтында.
Ресейліктер бес спорт түрінен бақ сынайды:
Теннис (Даниил Медведев, Роман Сафиуллин, Екатерина Александрова, Мирра Андреева, Павел Котов, Диана Шнайдер, Елена Веснина),
Велоспорт (Тамара Дронова, Алена Иванченко, Глеб Сырица),
Каноэде есу (Захар Петров, Алексей Коровашков, Олеся Ромасенко),
Батутта секіру (Ангела Бладцева)
Жүзу (Евгений Сомов).
Ресей төлқұжаты бар барлық спортшылар жеке бейтарап мәртебе бойынша сайысқа түседі. Оларға туларды, елтаңбаларды және басқа да мемлекеттік рәміздерді пайдалануға тыйым салынады. Ресейден келген спортшылар командалары Ойындарға қатысуға рұқсат етілмейді, Парижде ресми делегация болмайды.
Ресей төлқұжаты бар бірнеше спортшы ХОК-тан шақырту алды, бірақ теннисшілер, велошабандоздар, балуандар мен дзюдошылардың Ойындарға қатысуға шектеу қойылды.
2024 жылғы ойындарға Беларусь төлқұжаты бар 16 спортшы да Ресейден келген спортшылар сияқты жеке бейтарап статуста қатысады.
Ресейлік спортшыларға шектеулер Ресейдің Украинаға қарсы соғысына байланысты енгізілген.