Пәтер қымбаттады
Елімізде пәтер құны қымбаттаған. Бұл туралы Жас АЛАШҰлттық экономика министрлігі сатистика комитетінің ресми сайтына сілтемежасап хабарлайды.
«2019 жылғы маусымда өткен аймен салыстырғанда абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату бағалары – 0,6%, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату – 0,5%, жаңа тұрғын үйлерді сату — 0,1% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,3% жоғары болды» — делінген хабарламада.Статистика комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, 2019 жылдың маусым айында 2018 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда жаңа тұрғын үй сату бағасы 2,4%-ға артқан.
Жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы бір ай ішінде 0,1%-ға өсіп, 282,5 мың теңгені құрады. Ал, төмен бағамен сатылатын үйлердің өзі бір шаршы үшін 120 мың теңге болған.
Фото: Zakon.kz